Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Ақпараттық технологиялар факультеті

2020 жылдың 30 мамыр күні ақпараттық технологиялар факультетінде түлектер Ассоциациясының кеңесі өтті. Сондай-ақ, "Ақпараттық жүйелер", "Информатика" және "Жасанды интеллект және Big Data" кафедраларында Әбу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "ҚазҰУ Түлектерінің күні" аталып өтті. Іс-шара биыл дәстүрлі емес онлайн форматта ZOOM платформасында өткізілді.

Түлектер қауымдастығының кеңесін Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Урмашев Байдаулет Амантаевич бітірушілер қауымдастығы туралы ақпараттық хабарламамен ашты.

 

2020 жылдың 30 мамыр күні ақпараттық технологиялар факультетінде түлектер Ассоциациясының кеңесі өтті. Сондай-ақ, "Ақпараттық жүйелер", "Информатика" және "Жасанды интеллект және Big Data" кафедраларында Әбу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "ҚазҰУ Түлектерінің күні" аталып өтті. Іс-шара биыл дәстүрлі емес онлайн форматта ZOOM платформасында өткізілді.

Түлектер қауымдастығының кеңесін Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Урмашев Байдаулет Амантаевич бітірушілер қауымдастығы туралы ақпараттық хабарламамен ашты.

Ақпараттық жүйелер кафедрасының кездесуі сағат 10:00-де басталып, оның модераторы ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі Ш. Ж. Мусиралиева болды. Ал информатика кафедрасында кездесу сағат 14:00-де басталып,  іс-шараны информатика кафедрасының меңгерушісі Иманқұлов Т. С. ашты. Сонымен қатар, жасанды интеллект және Big Data кафедрасы кафедра меңгерушісі М. Е. Мансурованың басшылығымен 10:00-де басталды.

Барлық кездесулер барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Мутанов Галимкаир Мутанович салтанатты сөз сөйледі, сонымен қатар, қатысушылар Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының президенті, ғылым докторы, профессор Кайрат Абдразакулы Мамидың құттықтау сөзін тыңдады.

Факультет бойынша жалпы қатысушылар саны-146. Оның ішінде бітірушілер Кеңесі Ассоциациясының отырысында – 17, информатика кафедрасында-50, ақпараттық жүйелер кафедрасында - 55, жасанды интеллект және Big Data кафедрасында – 24 қатысушы болды. Олардың арасында өз білімдерін дамытып, осы күнге дейін тәжірибелерімен бөлісіп келген кафедра профессорлары, әр жылдары шыққан түлектер, кафедра оқытушылары қатысты. Барлық кафедра меңгерушілері "ҚазҰУ түлектері күніне" орай өз кафедраларының негізгі жетістіктері туралы презентациялар ұсынды.

Түлектер қауымдастығы кеңесінде декан факультеттің дамуын презентация түрінде кезең-кезеңімен таныстырды. Қатысушыларға ғылымды дамыту, халықаралық деңгейде қолдануға болатын жаңа жобаларды зерттеуге назар аудару, шет елдермен тәжірибе алмасу сияқты жаңа идеялар ұсынылды. Тәлімгерлік жоба кеңес мүшелерімен бірге үлкен ынтамен қаралды. Оның мақсаты-қазіргі студенттерді түлектермен өзара ынтымақтастыққа, достыққа және бағалы кеңестерге қол жеткізе отырып біріктіру.

Әр жылғы бітірушілерден бейнеқұттықтаулар алынды. Факультет бойынша жалпы алынған видеоқұттықтаулар саны 16. Оның ішінде 10 мерейтойлық, 6 мерейтойлық емес. Осы күні ақпараттық жүйелер кафедрасында әр жылдардағы 20 мерейтойлық түлектер өздерінің оқыған университетіне тілектері мен құттықтауларын білдірді. Ақпараттық жүйелер кафедрасы 6 бейне құттықтаулар алды. Оның ішінде өз тілегін бейне құттықтаумен бөліскен 1995 жылдың түлегі,  ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы директорының орынбасары Г. Жарасова болды. Сондай-ақ, құттықтау бейнесін жіберген, кафедраның үздік түлегі Бауыржан Рүстемов өзінің туған Альма Матеріне  биік белестерді тіледі.

Информатика кафедрасы университеттің өркендеуі мен алғысын білдірген 4 түлектерден бейнеқұттықтау алды. Онлайн форматтағы құттықтауға 1965 жылғы түлек Хакимова Т. және 1975 жылғы түлек, кафедра профессоры Шмыгалева Т. А., 1985 жылғы түлек, Абай атындағы ҚазҰПУ бірінші проректоры Бектемесов М. А., 1985 жылғы түлек, кафедра аға оқытушысы Турганбаева А. Р., 1985 жылғы түлек, кафедра доценті Гусманова Ф. Р., 2000 жылғы түлек, кафедра аға оқытушысы Спабекова Ж. Х., 2010 жылғы түлек, кафедра оқытушысы Нестеренков П. А., 2020 жылғы түлек Базарбай А. Б. қосылды. Олар студенттік жылдардағы естеліктерімен және өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар кафедра ұйымдастыратын іс-шаралар аясында ғана емес, бейресми жұмыс және жеке кездесулер деңгейінде де студенттермен белсенді қарым-қатынасты жалғастыруға ұсыныс білдірді.

Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы өзінің тарапына жақсы тілектермен түлектерден 6 бейнеқұттықтау алды. Бұл кафедра әлі жас, бірақ тарихқа бай болғандықтан, мерейтойлық түлектер болған жоқ. Видеоқұттықтауды 2016 жылдың түлегі, қазіргі таңда ТРК 31 арнасында, лауазымы-бас медиа-аналитик Атейбекова Жания Бахытжановнадан және  өткен жылдардың 5 түлектерінен алынды.

Қауымдастық кеңесінде конференция қорытындысын Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Б. А. Урмашев қорытындылады. Кафедраларда өз кафедраларының меңгерушілері іс-шараларды аяқтады.

Кездесулер ұйымдасқан түрде және техникалық ақаусыз өтті. Барлық түлектер бір-бірін онлайн құттықтап, тәжірибелерлерімен және кеңестерімен бөлісті.

Қорытынды сөзден кейін түлектер қауымдастығының кеңесінде және кафедраларда "Армандастар" бейнеклипімен кездесу аяқталды.

 

Басылым күні: 4-мау-20