Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Тарих, археология және этнология факультетіндегі онлайн кездесу

   2020 жылдың 30 мамыр күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тарих, археология және этнология факультеті ұлы ғұлама әл-Фарабидің 1150-жылдығы аясында дәстүрлі «Түлектер күні» мерекесін алғаш рет zoomжүйесінде онлайн форматта салтанатты  түрде өткізді. Бұл шараға Тарих, археология және этнология факультетінің мерейлі 1975, 1980, 1985, 1990, 2000 жылдарғы түлектері және басқа да жылдары бітірген түлектеріміз өатысты. Қатысқандардың жалпы саны 62 қатысушыны құрады.

 

 2020 жылдың 30 мамыр күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тарих, археология және этнология факультеті ұлы ғұлама әл-Фарабидің 1150-жылдығы аясында дәстүрлі «Түлектер күні» мерекесін алғаш рет zoom жүйесінде онлайн форматта салтанатты  түрде өткізді. Бұл шараға тарих, археология және этнология факультетінің мерейлі 1975, 1980, 1985, 1990, 2000 жылдарғы түлектері және басқа да жылдары бітірген түлектеріміз өатысты. Қатысқандардың жалпы саны 62 қатысушыны құрады. Шаранының модераторы тарих, археология және этнология факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Меңдігүл Сағатқызы Ноғайбаеваның кіріспе сөзінен кейін, Құттықтау сөзді әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры, Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов бастап,  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Түлектер Ассоцациясының Президенті, бүгінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы қызметін атқаратын университет түлегі Қайрат Әбдіразақұлы Мәмидің салтанатты құттықтауымен жалғасын тапты.

     Осыдан кейін, Жоба инициаторы – әл-Фараби ат. түлектер Ассосациясы болып табылатын «Тәлімгерлік-әркімге үлкен мүмкіндіктің бастауы» презентациясы көрсетіліп, артынан түлектер «Болашаққа ұмтылған университет» әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бүгінгі жетістіктері жайлы видеороликті  тамашалады. Салтанатты мереке факультеттің Түлектер Ассоцациясы жұмысымен, факультет жетістіктеріне арналған презентацияны тамашалаумен жалғасты.

Конференция танымал факультет түлектерінің видеоқұттықтаулары түрінде өз жұмысын жалғастырды. Олардың қатарында, 1979 жылғы түлек, Қазақстан Республикасы ҚР МОМ директоры Нұрсан Әлімбай, ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері тарих ғылымдарының докторы, профессор Жакен Таймағанбетов, 1996 жылғы түлек, ҚР Президент Архиві Директорының орынбасары Қ.Ш. Алимгазинов, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарушы 2000 жылғы түлек Ұлан Үмтіқалиев сынды танымал түлектеріміз өз Альма-матерлеріне жүрек жарды пікірлерін білдірді.  Шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен және алыс, жақын шет елдерден жалпы саны 80-тан аса түлек қатысты.

Онлайн конференция жұмысын қорытындылаған факультет деканы барлық түлектерге сәттілік тілеп, қатысушылар бірге «Армандастар» әні әуені аясында видео клип көрсетілді.

Шараға қатысқан Түлектер жақсы әсермен әнді бірге орындап, шара өзінің мәресіне жетті.

 

 

 

Басылым күні: 1-мау-20