Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысы Б. Сағынтаевты Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын», — делінген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығының мәтінінде.

Бұған дейін аталған қызметті Мемлекет басшысының Жарлығымен, басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған Бауыржан Байбек атқарды.

Басылым күні: 28-мау-19