Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Бақыт Батыршаев – ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің басшысы

Бақыт Батыршаев ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бақыт Батыршаев 1973 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. 1995 жылдан бастап Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істейді. 1996-1997 - ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің атташесі. 1997-2001 - Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінің атташесі. 2001-2002 - ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы. 2002-2002 - ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка Департаментінің екінші хатшысы. 2002-2005 - Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы. 2005-2009 - ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы, директордың орынбасары, директоры. 2009-2010 - Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшілігінің кеңесші-уәкілі. 2010-2013 - Джида қаласында орналасқан Қазақстанның Ислам ынтымақтастық ұйымындағы Тұрақты өкілі (кеңесші-уәкіл). 2013-2019 - Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі, Қазақстанның ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі. 2014-2019 - Қазақстанның Бахрейндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы. 2019 жылғы 29 сәуірден бастап ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы. II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі бар. Үйленген, 4 баласы бар.

Басылым күні: 6-мам-19