Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Тарихи сәт

Тарихи сәт

Мамыр айының соңғы сенбісінде дәстүр бойынша Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әртүрлі жастағы түлектер жиналды. Бұл жылы түлектердің және қонақтардың бас қосуы алғашқы рет Студенттер мен түлектердің салтанат қақпасында болып өтті. Маған ҚазҰУ түлектер Қауымдастығының шәкіртақысын иеленуге үлкен құрмет бұйырды. 2017 жыл Медицина факультетінің ДСЖМ бітірушілері үшін ерекше жыл, менің университетімнің қабырғасында аталған факультеттің алғашқы бітірушілерінің бірі болу – мен үшін ұмытылмас сәт.

Негізгі бөлімнен кейінгі Студенттер сарайында болған гала-концерт тек қана жағымды эмоциялар мен естеліктер қалдырды, сондай-ақ, әр жылдың белгілі түлектерімен бір залда отыруға мүмкіндік туды және марапаттау салтанаты ерекше сезімдер мен эмоцияларды қалдырды.

Университеттің оқытушы-профессорлық құрамы мен басшылығына, ҚазҰУ түлектер Қауымдастығына маған артқан сенімі үшін үлкен алғысымды білдіремін.

 

Круговых Илья Игоревич

Медициналық факультет – ҚДСЖМ

 

 

Басылым күні: 16-мау-17