Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Түлектер күні

Түлектер күні

 

Әл-Фараби атаындағы  Қазақ Ұлттық Университетінде жыл сайынғы бітіруші түлектер күнін дәстүрлі түрде өткізіп отырады. Соның дәлелі ретінде 2016 жылдың 28 мамыр күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Жолдасбеков атындағы студентер сарайында жыл сайынғы түлектер күні өтті. Кешінің басты қонақтары болып, Мәми Қайрат Абдразақұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сінірген қайраткері, ҚР Жоғарғы Сот Төрағасы, ҚазҰУ Түлектер Ассоциациясының президенті, Сулейменов Олжас Омарұлы – ақын, саясаткер, Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, Қазақ ССР (1990)  халық жазушысы, дипломат жәнеде 20, 30, 40 жыл алдын бітірген түлектер де қатысты.

Жалпы кешіміз 2 бөлімнен тұрды. 1-ші бөлімі марапаттау болды. Маған қатты ұнағаны механика- математика факультетінің деканы Бектемесов Мақтағали Абдімәжитұлын сахна төріне шақырғаны және де Сулейменов Олжас Омарұлының қолынан марапатталдым. Ал енді 2-ші бөліміне тоқталар болсам, «Бахыт» би тобының орындауындағы керемет би көрінісі, сонымен қатар, осы жылдың ең үздік түліктері ең нәзік – вальс биімен тамаша концертіміздің нүктесін қойды.

Ахмет Лесбек

 

Басылым күні: 10-мау-16