«Мәңгілік ел» акциясына 1996 жылғы түлектер қатысуда
Заң факультетінің 1996 жылғы түлектері студенттер мен түлектердің Салтанат аркасының құрылысына1 млн. теңге қаржылай салым жасады. Сонымен қатар олар, № 9,10,18 жатаханаларға және факультетке музыкалық аппаратураларды сыйға тартты.
Сый-сияпаттар 28 мамыр 2016 жылы, студенттер сарайында қошеметпен табысталды. Студенттер сарайының сахнасында 1996 жылғы түлектер, Мемлекеттік қызмет министірлігі жанындағы жеке қауіпсіздік департаментінің басшысы – Дүйсенов Мақсат Керимбайұлы, ҚР Бас прокуратурасының басқарма басшысы – Маматаев Қадыржан, полковник және ҚазҰУ қалашығының директоры – Әбдікахар Ануарұлы сөз сөйледі.
1996 жылғы түлектер және өзгелер, ҚазҰУ-ды бітіргеніне 20 жыл толу айтулы датасын ерекше ықыласпен атап өтті.