ҚазҰУ-ды бітіргенге 40 жыл толуымен құттықтау!

ҚазҰУ түлектер күніне 1976 жылғы түлектерде келді. Олар биыл оқу бытыргендеріне 40 жыл толуын атап өтуде. Олардың арасында: химиктер, биологтар, заңгерлер, филологтар және журналисттер.
Студенттер сарайы сахнасынан ҚазҰУ-ды бітіргенге 40-жыл толуымен химия факультетінің 1976 жылғы түлегі, техникалық ғылымдар докторы - Абдурасул Алдашұлы Жарменов құттықтады.
Бүгінде ол – Минералды шикізатты кешенді өндіру Ұлттық Орталығының бас директоры, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік премияның екі дүркін лауреаты.
Академик Жарменов – Түлектер қауымдастығы президиуымының мүшесі. Дәл осы кісінің бастамасымен алғаш рет жоғарғы білім беру жүйесінде Эндаумент-қор негізі қаланды.
Эндаумент-қорға жасалған № 1 қайырымдылық келісімі академик Әбдірасул Алдашұлы Жәрменовпен жасалды. Бұл дегеніміз ғалымның, «Қазақстан ерітіндісі» атты патентінен көрген табысының (роялти) 1 %-ы патенттің әрекет ету мерзімінде эндаумент-қорға түсіп отырады. Осылайша түлек университетке көмек қолын созуда.