Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Қалимолдаевтар әулетінен Алмас «Мәңгілік Ел» жобасына ат салысуда

 

Қалимолдаевтар әулетінен Алмас  «Мәңгілік Ел» жобасына ат салысуда

 

 

Алмас Қалимолдаев студенттер мен түлектердің «Мәңгілік Ел» салтанат аркасының құрылысына 1 млн. теңге көлемінде  демеушілік көмек көрсетуге келісімін берді. 2007 жылы ҚазҰУ-дың экономика саласы бойынша бакалавриатын тәмамдап, 2009 жылы магистр дәрежесін иеленді.


Қалимолдаевтар отбасында Нұрәділ Әшімбайұлы 1954 жылы ҚазҰУ-ды тәмамдады. Оның ұлы Мақсат 1980 жылы ҚазҰУ-дың түлегі атанды. Немересі банк саласында қызметін жалғастырған болса, Мақсат Нұрәділұлы физика-математика ғылымдарынң докторы, профессор дәрежесін иеленді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті. 

Басылым күні: 30-мам-16