Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Тарихшылар Түлектер күніне дайындық жүргізу барысында

 

 

2016 жылы 19 сәуірде Ш.Ш.уалиханов атындағы тарих және этнология Институтында, 1976 жылы тарих факультетін тәмамдаған екі топтың кездесуі болды. Биылғы жылы біздің ҚазҰУ-ды бітіргенімізге 40 жыл толып отыр. Осыған орай 28 мамыр күні, ҚазҰу қалашығында өтетін Түлектер күніне белсене ат салысуға ниетіміз бар.


Жиналысты Түлектер қауымдастығының атқарушы директоры Күлғазира Нұранқызы ашты. Ол қауымдастықтың негізгі міндеттеріне тоқталып, түлектер күніне қатысу және оны  атап өту тәжірибесі жайында айтты, қауымдастықтың өзге де жобалары туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, ҚазҰУ дамуының эндаумент қорының құрылу мақсаты туралы, түлектер жайындағы кітаптардың жарық көруі туралы ақпаратпен бөлісті.


Сондай-ақ түлектер күні туралы ойларымен: Татьяна Малыгина, Нұрлан Алиасқаров, Марат Чемботаев, Галина Каракушиева, Татьяна Суховская, Нұрсеит Кенжебаев, Нұрданбек Рахмет, Сайын Борбасов бөлісіті. Ұйымдастыру алқасының төрағасы болып Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Уалиханов Хангелді Абжанов тағайындалды.  Хангелді Махмұтұлы міндеттерді бөліп беріп, келесі жиналысты 13 мамырға қойды. 1976 жылғы тарих факультетінің түлектері жайында кітап шығару жоспарланып отыр. Суреттер мен очерктердің орысша нұсқасы Күлғазира Балтабаеваға, ал қазақша нұсқасы Сайын Борбасовқа жіберілетін болып келісілді.

Басылым күні: 23-сәу-16