Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Ө.А. Жолдасбековтың 85 жылдық мерейтойына орай

 

 

2016 жылғы 1 наурыз күні академик Ө.А. Джолдасбеков ескерткішіне гүл шоқтарын қою, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы мен шақырылған қонақтар механика-математика факультетінде ресми жиын және факультеттің залына Ө.А. Джолдасбеков атын беру және Өмірбек Арысланұлы атындағы шәкіртақыларды табыстау рәсімі өтті.

Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.М.Мұтанов, ҚР Ұлттық ғылми акдемиясының президенті Жұрынов М.Ж., ҚР ҒА-ның құрметті академигі Қожамқұлов Т.Ә., ҚР ҰҒА академигі Молдабеков М.М., ҚР ҰҒА академигі Байгунчеков Ж.Ж., ҚР ҰҒА академигі Уалиев Г.У., Еуразия гуманитарлық институтының ректоры Құсаинов А.К. қатысты.




Академик Жолдасбековтың жақсы атын мәңгі сақтап қалу мақсатындағы осынау игі шараларды, университетіміздің түлектері, мемлекет және қоғам қайраткерлері қолдады, соның ішінде: Талғат Мамашев және Мұхтар Құл-Мұхаммед, Лондоннан кәсіпкер Тахир Баратов,  «Кайнар» университетінің ректоры Еренғайып Омаров, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ахметкал Медеу. Олар, 1970-1986 жылдар аралығында ҚазҰУ-дың дамуында ректор Жолдасбеков Ө.А. атқарған рөлінің маңыздылығын және ұрпақ сабақтастығын сақтап қалу қажеттігін атап өтті.

Өзге құттықтау хаттары мен телеграммаларды «Құттықтаулар» бөлімінен көре аласыздар.

Басылым күні: 01.03.2016