Негізгі бет / Ассоциация жайлы / Президиум ассоциации / Сулейменов Олжас Омарович Сулейменов Олжас Омарович

 

СҮЛЕЙМЕНОВ
Олжас Омарұлы

 

Олжас Омарұлы 1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында Қазақ кавалерия полкының («Қазполк») офицері отбасында дүниеге келген.

1958-1959 оқу жылында О. Сүлейменов әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың геология-география  факультетінің соңғы курсын және Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтының бірінші курсын бітірді.

Әдеби шығармашылық жылдарында оннан аса өлең жинақтары мен поэмалары жарияланды. Әдебиеттанулық және лингвистикалық кітаптары: «АЗиЯ», «Хат тілі» («Язык письма»), «Пересекающиеся параллели» (2001), «Тарихқа дейінгі түркілер», («Тюрки в доистории»).

Көп уақытын қоғамдық және кәсіптік-ұйымдастырушылық жұмысқа арнады: «Простор» журналының бөлім меңгерушісі, ҚазКСР Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы, ҚазКСР ЖО бірінші хатшысы және КСРО ЖО басқарма хатшысы қызметтерін (1962-1991) атқарған.

Қазақстан КП ОК мүшесіне кандидат және мүшесі (1976-1991). ҚазКСР Жоғарғы Кеңес Президиуымының депутаты және мүшесі (1980-1985). КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1984-1989). КСРО халық депутаты және КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі (1989 ж. – 1991 ж. желтоқсаны). КСРО Конституциясының жаңа нұсқасын жазуға орай (1989 ж. мамыры – 1991 ж. желтоқсаны) КСРО халық депутаттарының І Съезді тағайындаған Конституциялық комиссияның мүшесі. Халықаралық Ленин сыйлығын тағайындау жөніндегі комитеттің мүшесі (1980-1991).

1991-1995 жж. – «Қазақстанның Халық Конгресі» партиясының төрағасы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1994-1995). «Невада -Семей» халықаралық ядроға қарсы қозғалысының президенті (ХЯҚ) (1989 жылдан бастап).

Олжас Омарұлы Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесіне ие (1996 ж.). ҚР Италиядағы елшісі және Грекия мен Мальтадағы қосымша елшісі (1995-2002). Елші, Қазақстаннның ЮНЕСКО-дағы Тұрақты өкілі (2002 ж. бастап).

О. Сүлейменов кеңестік кезеңде «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы ордендерімен марапатталған. Қазақстан Республикасында І дәрежелі  «Барыс» (2001), «Отан» (2006) ордендерімен марапатталды.

Халықаралық сыйлықтар -  «Князь Ярослав Мудрый» (Украина) орденіне, «Дружба» (Ресей), «Сіңірген еңбегі үшін» (Ингушетия), «Шукрат» (Әзірбайжан), «Әдебиет және өнер серісі» (Франция) ордендеріне ие.