Негізгі бет / Ассоциация жайлы / Президиум ассоциации / САТҚАЛИЕВ Алмасадам Майданұлы САТҚАЛИЕВ Алмасадам Майданұлы

 

 

 САТҚАЛИЕВ

Алмасадам Майданұлы


1970 жылы 31 қазанда, Алматы қаласында дүниеге келген. 1987-1992 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, «Механика» мамандығы бойынша білім алған,  «Механик, қолданбалы математик» біліктілігін игерген. 2002 жылы,  «Қазақстан Республикасы мұнай газ  саласының мысалында, құбыр желісі жобаларын жоспарлау» атты диссертациялық жұмысын қорғады. Экономика ғылымдарының кандидаты.

 1992-1997 жылдарда жеке коммерциялық қызметпен айналысты. 1997-2001 жылдары, «КазТрансОйл», «Мұнай тасымалы ұлттық компаниясы» ЖАҚ-да, экономика бойынша менеджер, департамент басшысы, басқарушы директор және вице-президент лауазымдарында қызмет атқарды.

2001-2006 жылдары АҚ «Қазақстандық электр желілерін басқарушы «KEGOC» компаниясында, қаржы директоры, экономика бойынша вице-президент, және бірінші вице-президент қызметтерін атқарды. 2006 жылдың мамыр айынан 2007 жылдың желтоқсан  айына дейін - «KEGOC» АҚ тобының директор-жетекшісі, «Самрұқ», «Қазақстандық Мемлекеттік активтерді басқару холдингі» АҚ-да электроэнергетикалық активтерді басқару бойынша директор лауазымында қызмет атқарды.

2007 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында – Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болып қызмет атқарды. Кейіннен, «Қазақстандық электр желілерін басқарушы «KEGOC» компаниясының Президент-Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.  2008 жылдың мамыр айында,Қазақстандық электроэнергетиктер қауымдастығының директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. 2008 жылдың қазанынан – 2009 жылдың желтоқсан айына дейін, «KEGOC» АҚ бірінші вице-президенті болды. «Самрук-Энерго» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (2011 маусым-2012 қаңтар, 2015 жылы қайта сайланған).

«Құрмет» орденімен марапатталған (2008), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медалдарі ұсынылған. ТМД елдерінің еңбек сіңірген энергетигі (2003). Ұлт лидерінің алғысын алған тұлға.