Негізгі бет / Ассоциация жайлы / Президиум ассоциации /

 

 

ЕСТАЕВ

Әмірхан Сырғалбайұлы


Әділет құрылымдарының аға кеңесшісі. Қаржы полициясы  полковнигі (2005). Қазақстан Республикасы прокуратурасы құрметті қызметкері (2009).

Ә.С. Естаев 1959 жылы 13 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Ванновка ауылдық-округінде дүниеге келген. 1977 жылы ҚазМУ-дың заң факультетіне оқуға қабылданып, 1982 жылы үздік бітіріп шығады. Жаңадан үздік дипломмен оқу бітірген түлек, еңбек жолын тағылымгер, Жаңатас қаласы прокурорының аға көмекші ретінде бастайды, кейіннен  Орталық ауданда Жамбыл қаласы (қазіргі – Тараз) қызмет етеді. Қордай ауданы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокуратура бөлімінің басшысы, Жамбыл қаласы, Железнодорожный ауданының прокуроры қызметін (1982-1986) атқарған.  

1998 жылдан бастап, Бас прокуратураға ауысады: аға прокурор, бөлім басшысы қызметін 1999 жылға дейін атқарады. (1999-2000) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің  мемлекеттік-құқықтық сектор меңгерушісі лауазымында қызмет етеді, (2000-2002) ҚР Бас Әскери прокурорының бірінші орынбасары, (2002-2005) Оңтүстік қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары, (2005-2006) Ақмола облысы,                2006 жылдың сәуір айынан -  Атырау облысы, 2009 жылдың ақпан-наурыз айларында – Алматы қаласы экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің басшысы қызметтерін атқарады. 2009 жылдың мамыр айынанан – 2014 жылдың ақпанына дейін Алматы қаласы прокуроры, кейіннен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры кеңесшісі.

Ә.С. Естаев II дәрежелі «Даңк»  орденімен марапатталған (2007).