Негізгі бет / Ассоциация жайлы / Президиум ассоциации / ТАРАКОВ Александр Юрьевич ТАРАКОВ Александр Юрьевич

 

ТАРАКОВ

Александр Юрьевич

 

 

1961 ж. 30 сәуірде  Украинаның Черкасск облысындағы Чигирин қаласында дүниеге келді.

1983 ж. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген.

Университетті бітірген соң «Ленинская смена» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі (1983-1987); «Арай - Заря» журналының қызметкері (1987-1991); «Сұхбат - Позиция» газетінде бас редакторының орынбасары (1991); «АЗиЯ» газетінің шолушысы (1992-1994) болып жұмыс істеді; 1994 жылдан –  «Казахстанская правда» республикалық газетінде бөлім меңгерушісі, 1998 жылдан – бас редакторының бірінші орынбасары, 2002 ж. мамыр айынан - «Казахстанская правда» Республикалық газеті» акционерлік қоғамының вице-президенті, қазіргі уақытта – «Казахстанская правда» Республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті.

Жаңа қызметте жұмыс істей бастаған алғашқы айлардың өзінде  Александр Юрьевичтің әріптестері еліміздің бас газетін табысты менеджер және әмбебап журналист басқаратынына көз жеткізді.

Бүгінде «Казахстанская правда» таралымы күнделікті шығатын газет үшін көп саналатын мақтан етеді. Республиканың басты газеті өзінің осындай жоғары атағын журналистерінің шынайы кәсібилігімен, мемлекеттік тұрғыдан қарауымен, туған елімен тағдырлас болуымен дәлелдейтінін А. Тараковтың үлкен жетістігі деп санауға болады. «Казахстанская правда» тәуелсіздік тарихын режимінде жазып келеді және БАҚ-тардың республикалық рейтингінің әрдайым бірінші жолдарынан табылады.

Александра Тараков әкімшілік жүктемелігіне қарамастан көп жарияланады, газет беттерінде аналитикалық шолулары, аграрлық репортаждары, портреттік очерктері, ирониялық параллелизмдері басылып тұрады, мұндай белсенді шығармашылығымен жеке үлгі  бола білуінде оның орасан зор еңбекқорлығы, парасаттылығы жатыр.  Яркая публицистика А.Тараковтың публицистикасы әрдайым түрлі кәсіп иесі, түрлі буын өкілі болып табылатын барлық оқырмандардың шынайы қызығушылығын тудырады. Александр Юрьевичтің соңғы жылдардағы ең сәтті материалдары «Казахстанская правда» сериясында шыққан «О земле, земном и земляках» и «Зарубки ирокеза» атты жаңа кітаптарына енді.

Демократиялық баспасөзді қалыптастыруға қосқан үлкен үлесі үшін Александр Юрьевич бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы басты марапатқа – Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығына ие болды. Сонымен қатар мемлекеттік наградалармен – «Құрмет» орденімен (1999) және төрт медальмен марапатталған. Әріптестерінің құрметін Журналистика академиясының академигі атағы және Қазақстан Журналистері одағының сыйлығы дәлелдейді.

Тараков шығармашылығының жақсы дәстүрі – оқырмандарды жиі қуантып, кітаптар шығару – «Век журавля», «Затмение под солнцем», «Терра террариум», «Притяжение целины», «До и после миллениума».

"Казахстанская правда"АҚ Басқарма республикалық газеті төрағасы (01.2014-09.2016) ;

"Казахстанская правда"АҚ Басқарма республикалық газеті төрағасының орынбасары(09.2016-12.2016);

· (12.2016 бастап) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі директоры