Негізгі бет / Ассоциация жайлы / Президиум ассоциации / АЛШАНОВ Рахман Алшанұлы АЛШАНОВ Рахман Алшанұлы

АЛШАНОВ

Рахман Алшанұлы

 

 

1947 жлы 13 қыркүйекте Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Бірлік ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Алшанов мұғалім болып қызмет атқарды, Шу қант зауытында жұмыс істеді, зениттік-зымыран әскерінде қызмет етті, Көктерек кеңшарының жұмысшылар кооперативінде еңбек етті.

1969-1974 жж. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың философия-экономика факультетінің саяси экономия бөлімінде білім алды. 1973-1984 жж. комсомол комитетінің хатшысы, университет парткомы хатшысының орынбасары болып сайланды, бірмезгілде ҚазМУ-дың ассистенті, аға оқытушысы, доценті болып жұмыс істеді. Көптеген жастар, қоғамдық іс-шаралардың ұйымдастырушысы болып, құрмет грамоталарымен, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен, Халықтар достығы орденімен марапатталған.

Аудандық, қалалық, облыстық және Орталық комсомол комитеттерінің құрамына, аудандық кеңес депутаты, оның атқару комитетінің мүшесі болып сайланды.

1986-1987 жж. ҚазМУ-дың философия-экономика факультетінің деканы. 1988-1992 жж. Республикалық мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының директоры, Қазақстан Мәдениет қызметкерлерінің шығармашылық одағының президенті болып сайланды.

1992 ж. Қазақстанда тұңғыш мемлекеттік емес «Тұран» университетін ашуға бастама көтерді, бүгінгі таңда ол аталаған университеттің ректоры болып табылады.

Профессор Р.А. Алшанов республикадағы жоғары оқу орындарының қоғамдық өміріне белсенді қатысады. 1999-2002 жж. еліміздің Мемлекеттік емес жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті.

2001 жылы республиканың Аккредиттелген жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті болып сайланды.

Осы жылдар ішінде Рахман Алшанұлы ғылыми-педагогикалық жұмыспен белсенді айналысты. 1981 жылы ҚазМУ-да кандидаттық диссертациясын, ал 1992 жылы Санкт-Петербургтің мемлекеттік университетінде «Экономикалық қарама-қайшылықтардың теориясы: эволюциясы және даму мәселелері» тақырыбында докторлық диссертациясын табысты қорғады. 140 аса ғылыми және публицистикалық мақаланың, 7 монографияның авторы.