Негізгі бет / Ассоциация жайлы / Президиум ассоциации / Байделдинов Дәулет Лайықұлы | Байделдинов Дәулет Лайықұлы |
|
Байделдинов
Дәулет Лайықұлы
Заң ғылымдарының докторы, профессор, экологиялық құқық саласындағы жетекші мамандардың бірі, табиғи ресурстық, экологиялық, азаматтық, халықаралық құқық және сайлау құқығы мәселелері бойынша сарапшы, Қазақстандағы бір қатар заң жобасының авторы. 1960 ж. 14 сәуірде Украинаның Донецк облысы Артемовск қаласында дүниеге келген. 1982 ж. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың заң факультетін аяқтап, кафедрада жұмыс істеуге қалған. 1986 ж. «Қазақ КСР-да атмосфералық ауаның құқықтық қорғалуы» атты кандидаттық, ал 1996 ж. «Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 34 жыл бойы педагогикалық жұмысты атқарып келеді: 1982 жылдан – оқытушы, 1998 жылдан – экологиялық және табиғи ресурстық құқық кафедрасының меңгерушісі, с 2002 жылдан – заң факультетінің деканы. Д.Л. Байделдиновтің жемісті педагогикалық және ғылыми жұмысы белсенді қоғамдық қызметпен ұштасады, ол қызметі 1987 жылдан, комсомол комитетінің хатшысы болып сайланған кезінен бастау алады. Ол кезде университеттің коммунистік жастар одағы ұйымының 14 мың мүшесі болды, сондықтан университеттің комсомол комитеті аудандық комитет дәрежесінде болды. 2001 ж. Дәулет Лайықұлы Алматы қаласы Сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды. 2003-2006 жылдар аралығында ҚР Жоғарғы соты Сарапшылар кеңесінің құрамында, ҚР Биоалуандылығын сақтау қорының Қамқоршылар кеңесінің мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің мүшесі болды. 80-нен астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 5 монографиясы, 2 оқулығы, орыс және қазақ тілдерінде 2 оқу құралы, шетелдік басылымдарда 10-нан астам мақаласы бар. Награжден «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астанаға 10 жыл» (2008) медальдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2004).
|