Негізгі бет / Ассоциация жайлы / Президиум ассоциации / Әділханов Мұрат Әділханұлы | Әділханов Мұрат Әділханұлы |
|
Әділханов Мұрат Әділханұлы
1973 жылы, 6 ақпанда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Бұлақты ауылында дүниеге келген. 1994 жылы ҚазМУ заң факультетінің түлегі және 1997 жылы Жетісу экономикалық институтын тәмамдаған. М.Ә.Әділханов 1995 жылдан бері «Алматы Сауда Банкі», «Транс-Азиалық Сауда Банкі» сияқты акционерлік қоғамдардың негізін қалаған. 1998 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Қазақ халықаралық жергілікті халықтар мен этникалық азшылықтар» («КазИнтерЭтнос») қорының вице-президенті лауазымына тағайындалды. 2003 жылы жауапкершілігі шектеулі «KoktemGroupLTD» серіктестігін құрып, оны басқарды. Бұл компанияның қызметі – құрылыс саласындағы инвестицияға негізделген, кеңселік бөлмелерді жалға беру бойынша келісімдерді жүргізуге бағытталған. М.Ә.Әділханов өзінің жоғары кәсіби әрі сапалы қызметі үшін, көптеген алғыстар мен жағымды пікірлерге ие. Алматы қаласындағы жобаларымен қатар, М.Ә.Әділханов Алматы облысындағы туризм үшін инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын атқаруда. Бұл жұмыстар өз кезегінде, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының, 11 қараша 2014 ж. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауына сай келеді. Дәл оыс бағытта, Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс бағытында, 16 қабатты 4* қонақүй құрылысы жүзеге асырылып жатыр. Бұл қонақүй, аймақтағы теңдесі жоқ ғимарат болмақ. Сонымен қатар, Алакөл ауданында, Алакөл көлі жағалауында, Ақши ауылы бағытында, 5 қабатты қонақүйлік кешен құрылысы жүргізіліп жатыр. 2015 жылы Алматы қ. және Алматы облысындағы жаңа жобаларды бастау үшін, компания 19 млрд. тенге қаржы құйды. М.Ә.Әділханов – экономика ғылымдарының кандидаты, Жетісу экономикалық институтының Құрметті профессоры. Республикалық және халықаралық басылымдарда жарық көрген экономика, қаржы және еңбек ресурстары тақырыбындағы жариялынымдар «Экономические механизмы регулирования системы занятости» (2013), «Вопросы экономики и финансовой системы в становлении Республики Казахстан» (2013) мен монографиялар авторы болып табылады. 2012 жылдың ақпан айында М.Ә.Әділханов Алматы қаласы, Медеу ауданы, 28-ші саулау округінің атынан, маслихат депутаты болып сайланды. Және Алматы қаласы маслихатының, қоғамдық келісім және әлеуметтік мәселелер бойынша комиссия мүшесі қызметін атқарды. 2011 жылдан бері партиялық қызметті қолға алды, «Нұр-Отан» халықтық-деморкатиялық партиясы саяси кеңесінің мүшесі, Медеу аудандық партия филиалының саяси бюросының мүшесі, ХДП «Нұр-Отан» жанындағы Медеу аудандық жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің құрамына кіреді.
|