Негізгі бет / Ассоциация жайлы / Президиум ассоциации / АБДРАХМАНОВ Сауытбек | АБДРАХМАНОВ Сауытбек |
|
АБДРАХМАНОВ Сауытбек
1951 жылы 7 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген. 1975 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. 1975-1987 жылдары қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, редакциялық алқа мүшесі, 1987-1990 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде нұсқаушы, мәдениет секторының меңгерушісі, 1990-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратында кеңесші, референт, Мәдениет және ұлтаралық қатынастар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бірінші орынбасары, 1995-1997 жылдары ҚР Мәдениет министрінің бірінші орынбасары, 1997-2000 жылдары «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясының бірінші вице-президенті қызметтерін атқарды. 2000 жылы «Егемен Қазақстан» республикалық газеті ашық акционерлік қоғамының президенттік қызметіне тағайындалды. 2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ақпарат министрі болды. 2004 жылдың шілдесінен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті акционерлік қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің мүшесі. 2016 жылы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. С. Абдрахмановтың «Біздің Пушкин» (1999), «Тәуелсіздік шежіресі» (2001), «Елдік сыны» (2003), «Адамзат күнтізбесі» (2004), «Коран и Пушкин» (2006), «Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» (Қазақ поэзиясының антологиясы, 2 томдық) (2007), «Төлтума мен телтума» (2007), «Календарь человечества» (2007), «Перевод поэзии и поэзии перевода» (2008) атты кітаптары шықты. Сондай-ақ ол арабтың халық романы «Бейбарысты» (2000), В. Гюгоның «Аласталғандар» (2009) туындысын тәржімеледі. С. Абдрахмановтың журналистік еңбегі Қазақстан Кинематографистер одағының сыйлығымен (1974), Б. Бұлқышев атындағы республикалық жастар сыйлығымен (1981), Қазақстан Журналистер одағының сыйлығымен (1982), журналистика саласындағы Президент сыйлығымен (2000), «Жыл журналисі» төсбелгісімен (2006) аталып өтілген. 1998 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері» атағы, 2005 жылы «Парасат» ордені берілген. «Астана» (1998) және «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне – 10 жыл» медальдарымен (2002), Ресей сөз өнері академиясының «Ревнителю просвещения» (2006), Украинаның «За працю і звитягю» (2007) медальдарымен марапатталған.
|