Негізгі бет / Ассоциация жайлы / Президиум ассоциации / РОГОВ Игорь Иванович РОГОВ Игорь Иванович

РОГОВ

Игорь Иванович

 

1950 жылдың 17 мамырында Баку қаласында (Әзірбайжан) дүниеге келген.

Игорь Рогов 1975 жылдан бастап 1990 жылға дейін – он бес жыл ҚазМУ-да оқытушы болып қызмет атқарды.

1990-1991 ж. ҚазКСР Президенті Кеңсесінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің кеңесшісі қызметін атқарды. 1991 жылдың қаңтарынан бастап тамызына дейін – ҚазКСР Президенті Аппаратының мемлекеттік-құқықтық  референтурасының аға референті, кейіннен 1992 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппаратының Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға референті. 1992 жылдың сәуірінен бастап шілдесіне дейін – ҚР Президенті мен Министрлер Кабинетінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің құқық қорғау органдары секторының меңгерушісі.

1992 жылдың шілдесінде И. Рогов ҚР Конституциялық Сотының Төраға орынбасары қызметіне тағайындалды. 1995 жылдың қыркүйегінен бастап 1997 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, кейіннен 2000 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесішісі қызметін атқарды. 2000 жылдың 13 қыркүйегінде Президенттің Жарғысымен Игорь Рогов ҚР әділет министрі болып тағайындалды. И. Рогов ҚР Президенті жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы (1996-2001); ҚР Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссияның мүшесі сияқты жауапты қызметтер атқарды. 2000 жылдың мамырынан бастапҚазақстандық криминология (қылмысты зерттеу) қауымдастығының президенті. ҚР Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің төрағасы (2003 жылғы сәуір– 2004 жылғы желтоқсан). 2004 жылдың наурызынан бастап И.И. Рогов ҚР Президентінің Әкімшілігі Жетекшісінің орынбасары – мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерішісі болып тағайындалды.

2004 жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысымен Игорь Иванович Рогов Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды.

Игорь Иванович Рогов кәсіби қызметін ғылыми қызметпен үйлестірген. Қазақстандық және шетелдік басылымдарда оның қылмыстық құқық бойынша 80 аса ғылыми және ғылыми-көпшілік мақаласы, оқу-әдістемелік құралдары жарық көрген.

Игорь Роговтың отан алдындағы еңбегі мемлекеттік марапаттаулармен: «Парасат» орденімен (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 10 жыл», «Тыңға - 50 жыл», «Астана» медальдарымен марапатталған.

Игорь Рогов «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» (1999) атағына ие, сондай-ақ юриспруденция саласындаңы бірқатар халықаралық сыйлықтардың лауреаты болып табылады.