Главная / Новости Новости

ТҮЛЕКТЕР КҮНІНІҢ ТАҒЫЛЫМЫ

Өткен аптада альма-матеріміз Farabi University "Түлектер күні" іс-шарасын кең көлемде, әрі тағылымды өткізді. Осы іс-шараға арнайы шақырылдық. Университетіміз жыл аяғында болатын дәстүрге айналған бұл салтанатқа биыл аса тыңғылықты жауапкершілікпен дайындалғаны байқалды. Оның үстіне ҚазҰУ-ның бүгінгі дамып жатқан көркем келбетіне қарап, көз сүйініп, көңіл қуанды. Әрі талайдан бері тозуға айналған университет ғимараттары жөндеу көріп, жаңа тынысы ашылғанының куәсі болдық.

Өткен аптада альма-матеріміз Farabi University "Түлектер күні" іс-шарасын кең көлемде, әрі тағылымды өткізді. Осы іс-шараға арнайы шақырылдық. Университетіміз жыл аяғында болатын дәстүрге айналған бұл салтанатқа биыл аса тыңғылықты жауапкершілікпен дайындалғаны байқалды. Оның үстіне ҚазҰУ-ның бүгінгі дамып жатқан көркем келбетіне қарап, көз сүйініп, көңіл қуанды. Әрі талайдан бері тозуға айналған университет ғимараттары жөндеу көріп, жаңа тынысы ашылғанының куәсі болдық.

Әдеттегідей ҚазҰУ түлектері іс-шара басында университетіміздің бас қақпасы  - арка алдына сап түзей үйіріле қалды. Әрқайсының алдында факультет атауы жазылған транспарант ұстаушы студент тұрды. Соның арқасында әр түлек өз факультетін жаңылыспай тез тауып алды. Қақпа алдында келушілерді үрмелі аспаптар оркестрі әуендерді құйқылжыта қарсы алып тұр. Мұның өзі алып-ұшып, елдің әр қиырынан келген түлектерге мерекелік көңіл күй сыйлағаны тағы рас. 

Арка алдында мәрес-сәре қауқылдасып тұрған әр жылдың, түрлі факультеттің түлектерімен ҚазҰУ ректоры Жансейіт Қансейітұлы арнайы жақындап, емен-жарқын әңгімелесіп, пікірлесті. Елдің әр қиырынан келген әр факультет түлектерімен суретке түсті. Білім ордасын сағынып алып-ұшып жеткен түлектерді ректор өзі қарсы алып, амандасқаны мереке мезіретіндей әсерлі қабылданды. 

Амандасып болғасын әр жылдың, әр факультеттің түлектері сап түзей топтала қалып, ҚазҰУ аумағымен қақпа тұсынан ректор өзі бастап, студенттер сарайына дейін шерулетіп өтті. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, түлектер қауымдастығының төрағасы Қайрат Мәми іс-шараға арнайы келіп, түлектер шеруіне қосылды. Түлектер күніне арнайы дайындалған концерттік бағдарлама өз сән-салтанатымен ерекше әсер қалдырды. Студенттер сарайы алдына жиналған түлектерді құттықтаған Қайрат Мәми қауымдастық атынан қаржылай сертификаттарын табыстады. 

Концерт арасында үздік түлектер сөз алып, студенттік жылдар туралы жылы естелігімен бөлісті. Түлектердің біразы, соның ішінде курстасымыз Арайлым Еркимбаева"Парасат" кәсіподағы жанынан құрылған қоғамдық қорға меценат ретінде қаржылай демеуін аударғандарын айтты. Жиналған қаржы келешекте университеттің даму жоспарының екінші кезеңін салуға жұмсалады екен. Бәрекелді дедік. Өйткені, оқыған ордаңның түлек ретінде сені керек қылып, шақырғаны қандай жақсы болса, түлектің де университет дамуына үлесін қоса отыра өзінің қатыстылығын сезінгені қандай ғанибет деген ойға қалдық. 

Концерттік бағдарламадан соң дәстүр бойынша әр факультет түлегі өзі оқыған корпусқа барып, ұстаздарымен кездесті. Біз де сөйттік. Факультеттің деканы Темірғали Көпбай  ұстазымыз Namazaly Omashev Kaken Kamzin Клара Кабылгазина Сағымбай Қозыбаев, Лайла Ахметова Galia  Maikotova және тағы басқа ұстаздарымыз болды. Біз Сағатбек Медеубекұлы, ақын, журналист, "Көк тудың желбірегені" авторы Алмас Ахметбекұлынан дәріс алдық. Тобымыздың кураторы да болды олар. Ұстаздарымызға алғыс айтып, факультетімізге деп арнайылап әкелген тартуымызды табыстадық. Осылай тағылымды, әрі тәлімді өткен түлектер күнінде келер 25, 30 жылдықта аман-есен кездесейік деп тарастық.

Бану Әділжан Мұрат Нұрбаев Gulmira  Seytkazinova Айбарша Жақсылық Амиржанова Камар Жанибек Какей   Камшат Сатиева Murat Serkebai Айман Кулбатшаева Dulat Saudbay Gúljaz Ertas Рахима Дуйсебаева Жазира Әбіл Aiman  Kanzatova Асель Сарыпбекова 

Дата публикации: 27.05.2023