Негізгі бет / Жетістік тарихы / Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлы

 

Жолдасбеков  Өмірбек Арысланұлы

 

Өмірбек  Арысланұлы 1931 жылы, 1 наурызда Шымкент облысы (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы) Шымкент ауданы, Қызыл-су ауылында дүниеге келген. Шымкенттегі қазақ орта мектебін  1949 жылы алтын медальға бітірді. М.В. Ломоносов атындағы  ММУ-нің механико-математика факультетінің түлегі (1954), Мәскеу тоқыма  институтының аспиранты (1961).

Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1974), техникалық ғылымдар докторы (1972), профессор (1973), ҚР ҰҒА академигі (1982), мемлекет және қоғам қайраткері. Сенатор. С.М. Киров атындағы ҚазМУ ректоры (19 маусым 1970 ж. - 10 маусым 1986 ж.), қолданбалы механика кафедрасының меңгерушісі (1973-1978; 1985-12 қыркүйек 1988).


1988 жылдың 31 тамызынан бастап Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының Механика-математикалық институты жанындағы Инженерлік-ғылыми орталықтың лаборатория меңгерушісі қызметіне ауысады. 1989 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қосымша, қолданбалы механика кафедрасының профессоры ретінде қызмет атқарды. ҚазҰУ жанындағы Республикалық робот техникасы бойынша ғылыми-әдістемелік орталықтағы кафедраның ғылыми меңгерушісі лауазымына тағайындалған.


          1994 жылға дейін – лаборатория меңгерушісі, директор,   ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Механика және машина жасау институтының құрметті директоры. 1994-1995 ж. – ҚР жоғарғы кеңесінің ғылым, білім және жаңа технологиялар бойынша комитеттің төрағасы. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының негізін қалаған және бірінші президенті болған (1995-1999).


Өмірбек Арсыланұлы кадр даярлау, жаңа мамандықтарды жетілдіру, ғылыми мектептердің және халықаралық ынтымақтастықтың дамуына үнемі көңіл бөлетін.

1963 жылы, осы кісінің бастамасымен ҚазҰУ – да «машиналар және механизмдер теориясы» мамандығы ашылды. Екі жылдан соң, осы мамандық бойынша алғашқы түлектер өз қызметіне кірісті.

1971 жылы ҚазҰУ жанында, барша кеңестік машиналар және механизмдер теориясы бойынша ғылыми семинарды және лабораторияны ұйымдастырды. Ашылған күннен бастап, лаборатория Новосибирск және Қостанай комбинаттарының тапсырыстарын орындады.

1973 жылы қолданбалы механика кафедрасын ашып, Мәскеу профессоры Н.И.Левитсткиймен бірге «машиналар мен механизмдер теориясы» курсының жаңа бағдарламасын жасайды, бұл бағдарлама бойынша барша КСРО университеттері жұмыс жасаған.

1975 жылы кафедрада аспиранттардың қатысуымен студенттік семинарлар өткізіліп тұратын. Республикааралық турларда біздің университет бірінші-екінші орындарды иеленетін.

Өмірбек Арысланұлының шақыртуымен, студенттерге дәрістерді академик, И.И. Артоболевский, корреспондент-мүше С.Н. Кожевников (Украина), корреспондент-мүше УзКСР Х.Х. Усманходжаев, профессорлар: А.П. Бессонов, Н.И. Левитский, П.А. Лебедев, Р.Л. Литвин, Ю.Л. Саркисян, З. Паршевский (Польша) оқыған.

         1980 жылдың 23 сәуір Қазақ КСР-нің Ғылым Академиясы президиуымының шешімі бойынша, математика және механика институты жанынан машиналар мен механизмдерді басқару теориялары лабораториясы құрылған, кеңес беру Өмірбек Арысланұлына тапсырылды.

Математикалық модельдеу зертханасында. Ортада – Ө.А.Жолдасбеков


Ол, механизмдер және машиналар бойынша алғашқы қазақ тіліндегі оқулықтар авторы (1972,1979), орысша-қазақша политехника бойынша түсіндірме сөздік (1974) және машина жасау бойынша орысша-қазақша түсіндірме сөздік (1975) жасап шығарды.

         Ол өзінің өмірін, бар күш-қайратын, Орта Азиядағы және  Қазақстандағы ең үлкен білім мен ғылым орталығы – ҚазҰУ-ды басқаруға арнады. Ол университеттің дамыуна ерекше үлес қосты. Оның жетекшілігімен университетіміз барша кеңестік жарыстарда төрт дүркін жеңіске жетті (1977,1978,1979, 1980).

         Еңбек Қызыл Ту орденімен (1971, 1976), Ленин орденімен (1981) марапатталған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі президиуымының құрмет грамотасы, В.Г.Шухов атындағы халықаралық алтын медальмен (1992) және аль-Хорезми атындағы халықаралық алтын медальмен (Иран, 1992) марапатталған.

Өмірбек Арысланұылынң 80-жылдық мерейтойына ҚазҰУ түлектері мен достары ҚазҰУ қалашығына ескерткіш орнатты. Бәрімізге белгілі ҚазҰУ қалашығының өзі – академик Жолдасбековтың тумасы іспеттес.