Негізгі бет / Ассоциация жайлы / Президиум ассоциации / |
|
ӘУЕЗОВ Мағжан Мұратұлы Казкоммерцбанк басқарма төрағасы. 2015 жылдың 31 наурызына дейін, яғни, бұл қызметіне тағайындалмай тұрып, Казкоммерцбанк пен БТА банктің бірігуіне басшылық етті. 2002 жылдан Банк басқармасының мүшесі атнды. Бұған дейін, 1998 жылдан – 2002 жылға дейін, АБН АМРО Қазақстан банкінің несиелік бөлімін басқарды. Білімі – Колумбиялық Университет (Нью-Йорк, АҚШ, магистр, «Халықаралық қаржы және банк ісі»), Джорджтаун Университеті (Вашингтон, АҚШ, бакалавр, «Халықарылқ экономикалық даму»), Халықаралық қатынастар факультеті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (1996). АБН АМРО банкі Академиясының түлегі (Амстердам, Нидерланд), Уортон басшылық қызметтер бизнес мектебінің даму бағдарламасы (Пенсильвания Университеті, Филадельфия, АҚШ) тәмамдаған. Қазақстан Республикасы білім министрлігі жанындағы, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның директорлар кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасы президентінің халықаралық «Болашак» стипендиясы иегерлері қауымдастығының құрметті мүшесі. «Құс жолы» қайырымдылық қорының негізін қалаушы және басшылар кеңесінің мүшесі.
«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік сыйлығымен марапатталған, және «Астанаға 10 жыл», «Тенгеге 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен мараптатталған. Қаржыгерлер қауымдастығы қоғамдық қорының «Еңбек сіңірген қаржыгер» орденімен, «Кузбассты дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін» III дәрежелі орденімен марапатталған. |