Негізгі бет / Ассоциация жайлы / Президиум ассоциации / БАЙТАСОВ Арманжан Мерекеұлы | БАЙТАСОВ Арманжан Мерекеұлы |
|
БАЙТАСОВ Арманжан Мерекеұлы
1970 жылы 10 қаңтарда туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін үздік дипломмен бітірген. 1990-1991жж. – ҚазТВ «Азия Дауысы» РФК, редактор. 1991-1992 жж. – ҚазТВ «Мұрагер» ТБ, бас редактордың орынбасары. 1992-2000 жж. –«31 арна» ТРК, телерадиокомпанияның президенті. 2000 жылдан – –«31 арна» медиа-холдингінің президенті. «Алтын Жұлдыз» атты телерадиобағдарламалар байқауын ұйымдастырды (1995 ж.) «Елестету мәденигенез факторы ретінде» деген тақырып бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады (1998 ж.). Қазақстанның Жастар Одағы сыйлығының лауреаты. «Алтын Жұлдыз» телевизиялық байқауының лауреаты (2000 ж.). «Жыл таңдауы» байқау фестивалінде «Үздік жетекші» аталымы бойынша «Алтын Адам» мүсіншесімен марапатталған (2000 ж.). «Центр внимания» атты апталық сараптамалық ток-шоудың авторы. 2000 ж. желтоқсаны мен 2003 ж. ақпан айы аралығында – Қазақстан Республикасы Телерадиохабар таратушыларының ұлттық қауымдастығының президенті. 2008 жылдың қараша айынан бастап «НұрМедиа» медиа-холдингінің Бас директоры болды. ««Forbes Kazakhstan» журналынын құрылтайшы және бас редакторы.
|