Негізгі бет / Ассоциация жайлы / Төрағаның үндеуi Төрағаның үндеуi

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектер қауымдастығы президенті

Қайрат Әбдіразақұлы Мәмидің Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80-жылдық мерейтойына орай айтылған

құттықтау сөзі


 

        Жоғарғы сот атынан, өзімнің атымнан барша профессорлық-оқытушылық құрамды, аспиранттарды, студенттерді және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерін, университетіміздің 80-жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.


        Пайда болған күнінен бастап, ҚазҰУ отандық ең абыройлы және беделді білім ордасы болып табылады. Және осылай болуға толық негіз бар. Университет тарихы көптеген айрықша оқиғалар мен үлкен жетістіктерден сыр шертеді. Мұнда әрдайым дәстүрге берік және ең беделді ғалымдар, ең жақсы оқытушылар, және дарынды студенттер баршылық.


        Осы уақыт аралығында, Ұлттық университет маман даярлау жөнінен, жетекші орталық ретінде танылды. Ол талантты ғалым және зерттеушілерді бір ту астына жинап, берік оқу-әдістемелік базасын құрып, жоғарғы оқу орнын дамытуға үлкен үлес қосты, білімді дәріптеуге баулыды. Бүгінде, ҚазҰУ дипломы – терең, фундаменталды білім және жоғары тәжірибелік біліктілік кепілі.


        Ұлттық университет – көптеген түлектер үшін «alma mater» болып табылады. Университет қабырғасынан керемет заңгер, дипломат, халықаралық құқық жөніндегі мамандар, журналисттер түлеп ұшты.


        Көптеген түлектер, сонымен қатар, өзін құқықтық салаға арнағандар, мемлекеттік қызметте, ғылымда, бинес пен өзге салаларда жетістікке жетті.


        Бүгінде, университет қарқынды дамып, заманауи білім бағдарламалары енгізілуде. Юриспруденция, халықаралық қатынастар, саясаттану, экономика бойынша бірегей зерттеулер жүргізіледі. Университет инновациялық және ағартушылық жобаларға белсенді қатысады.


        Жоғары білім беру сапасы, ғылыми-зерттеу және әдістемелік белсенділік, ҚазҰУ-ға еуропалық білім беру кеңістігіне енген, Орта Азия және Қазақстандағы ең бірінші жоғарғы оқу орны болуға мүмкіндік берді. Университет, білім сапасы саласындағы жетістігі үшін берілетін Қазақстан Президенті премиясының лауреаты болып табылады. Бұл, кадрлар даярлауға және мемлекет жоғарғы оқу орындар жүйесін дамытуға қосқан ерекше үлесінің жоғары бағасы.


        ҚазҰУ түлектер қауымдастығының президенті бола тұрып, мен ерекше разалықпен айта кететінім, мұнда дәстүрге сый-құрметпен қарайды, университет алдындағы кез-келген мақсат-міндеттерді тиімді шешуге тырысады.


        Өз тарапынан қауымдастық университет бастамаларын қолдап, оның білім беру және ғылыми-зерттеушілік жобаларын жүзеге асыруға ықпал етеді.


        Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымының, Елбасының «Стратегия-2050» алға қойған міндеттерін жақсы орындайтынына сенімім мол. Сонымен қатар, Қазақстанның    30 дамыған елдің қатарына қосылуына септігін тигізетіні сөзсіз.   


        Студенттерге, ұстаздарға және түлектерге, қоғам мен мемлекет қамы үшін атқарған қызметтеріңіз тек жақсылық пен табыс әкелсін деп тілеймін. 

 


 Қазақстан Республикасы

Жоғарғы сотының төрағасы

МӘМИ Қайрат Әбдіразақұлы