Негізгі бет / Ассоциация жайлы | Ассоциация жайлы |
|
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектер Қауымдастығы
Түлектер Қауымдастығының мақсаты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жаңа формация мамандарын дайындауына және университет пен оның түлектері арасында өзара ұтымды қарым-қатынас орнату жолында әрекеттесуге саяды. ҚазҰУ түлектері Қауымдастығы әр түрлі іс-шаралар, үздіксіз білім алу, on-line (желілік қолма-қол) қызмет көрсетулері, сондай-ақ университет түлектері үшін қарастырылған арнайы шаралар кешені арқылы түлектердің университетпен және оның басқа түлектерімен байланысын үзбей жалғастырып отыруға қолдау көрсетуді көздейді.
Түлектер қауымдастығының миссиясы
Барша ҚазҰУ түлектер буынының ынтымақтастығын күшейту және түлектер бірлігі, олардың өзін өзі танытуы мен әлеуметтік дамуына ықпал ету.
Түлектер қауымдастығының негізгі міндеттері
Бірінші міндет – түлектердің ұжымдық мәдениетін қалыптастыру. Ол үшін, басқа аймақтарда, шетелдерде қауымдастық бөлімшелерін құру жұмысын жалғастыру қажет. Сонымен қатар, жыл сайын, мамыр айының соңғы сенбісінде жалпы университеттік Түлектер күнін атап өту керек. .
Екінші міндет – түлектердің университетке имидждік қолдау көрсетуі. Яғни, ашық ақпарат қорларынан, түлектердің жаңа лауазымдары туралы университет өзгелерді хабардар етіп отырады. Сонымен қатар, университет түлектері - бизнес өкілдері, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, биліктегі өкілдер туралы ақпарат жиналатын болады.
Үшінші міндет – демеушілік қызметті ұйымдастыру, әлеуметтік жағдайы төмен студенттерді қолдау. Сондай-ақ, Альма-матердің қажеттілігі мен мұқтаждықтары туралы түлектерді хабардар ету қауымдастық міндеті болып табылады. Осындай мақсатта пайда болған - ҚазҰУ даму Эндаумент-қоры өз жұмысн атқаруда.
Төртінші міндет – білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру. Түлектердің көпшілігі, мастер-класстар мен дәрістерді жоғары дәрежеде өткізеді. Өз кәсіби құпияларымен студенттермен бөліседі.
Бесіншi міндет – Оқу үдерісінің заманауи нарық тәртібіне сай бейімделуі шеңберінде, жұмыс берушілермен өзара әрекеттестікті нығайту. Жұмыс берушілер, тәжірибеге бейімделген, сұранысқа ие, және тек ҚазҰУ-да оқыталытын эксклюзивті жаңа оқу курстарын ұсынса, университет мұндай игі бастамаларды тек қана қолдайды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерімен ынтымақтасу шарттары
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жағынан:
1. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздік түлектері» кітабын басып шығару;
2. ҚазҰУ түлектерінің жыл сайынғы тізімдемесін басып шығару және оны жұмыс берушілерге тарату;
3. «Біздің элита» кітаптарын басып шығару;
4. «Көрнекті түлектері» университет мұражайында галереясы;
5. Сіздің жеке табыстарыңыз, ғылыми ізденістеріңіз, Сіздің кәсіпорныңыздың қызметі туралы «Қазақ университеті» газетінде мақалалар жариялап отыру;
6. Имиджілік қолдау (бұқаралық ақпарат құралдарында, телевизиялық бағдарламаларда және т.б.) ақпарат беріп отыру;
7. ҚазҰУ кеудебелгісімен марапатталу құқығы;
8. «ҚазҰУ құрметті профессоры» атағын беру;
9. Түлектерге арналатын қосымша білім алу бағдарламалары;
10. «Кәсіби шеберлік бойынша ашық дәріс беру»;
11. «Вакансиялар (бос орын) жәрмеңкесі»;
12. «Ғылыми жобаларды ендіру жәрмеңкесі»;
13. ҚазҰУ ғалымдарының ғылыми жобаларына қатысу мүмкіндігі;
14. Студенттер сарайының, әл-Фараби кітапхана және тамақтандыру комбинатының жайларын әр түрлі шаралар өткізугеақысыз ұсыну;
15. Сіздің ірі іс-шаралар дайындап өткізген кезіңіздегі ҚазҰУ студенттерінің волонтерлік қызметінің қолғабысы;
16. «Қазақ университеті» газетінде және «Жаршысы» журналына мақала шығару.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектер жағынан:
1. Өз ЖОО артықшылығын насихаттау;
2. Университетке материалдық-қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету (демеушілік қолдау, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Эндаумент қорына қатысу);
3. Түлектерді жұмысқа орналастыруға ат салысу;
4. Студенттердің кәсіби іспен шұғылдану базасын кеңейтуде көмек көрсету;
5. Студенттердің өндірістік тәжиребе базаларын кеңейтуге көмек беру;
6. Университеттің әр түрлі іс-шараларына қатысу (ашық есік күндері, «Наурыз» мейрамы, Түлектер күні және т.б.).
|