Главная / Поздравления! / Поздравление от заместителя акима Западно-Казахстанской области А.Нұралиева Поздравление от заместителя акима Западно-Казахстанской области А.Нұралиева

Құрметті Жансейіт Қансейітұлы!

 

Сізді және еліміздің білім ордасы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің барша ұжымын дәстүрлі «Түлектер күнімен» және өзім білім алған Халықаралық қатынастар факультетін 25-жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіз! Студенттерге сапалы білім, саналы тәрбие беру жолындағы еңбектеріңіз елеулі және мемлекетіміздің болашағын қалыптастырудағы мәртебелі қызметіңіз өлшеусіз!

Аталған мереке биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында өтуде. Тәуелсіздік жылдарында Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында университеттің мықты ғылыми базасы қалыптастырылып, ҚазҰУ тәуелсіз жоғары оқу орнына айналды.

Елбасымыз көреген әрі данышпан түрде негізін қалап, Президентіміз табысты әрі сындарлы түрде жүргізіп келе жатқан Қазақстан Республикасының саясатын әрқашанда дәйекті түрде жүзеге асырып, мемлекеттік мүдделерін білім саласында осынау өте жоғары мансабыңызда ілгерілетудесіз.

Университет сапалы білім беру, терең ғылыми зерттеулер жүргізу, жаңа инновацияларды өндіріске қосу және жоғары білікті мамандар даярлау ісінде алда болып, білім беру саласында әрдайым көш бастап келеді.

Өзіңізге осынау игі, маңызы зор жолда, атқарып жүрген абыройлы әрі беделді қызметіңізге толағай табыстар, зор денсаулық, қажымас күш-жігер, ырыс, құт-береке және ұзақ та мәнді ғұмыр, университет профессорлары мен оқытушыларына аса жауапты жоғары білім беру қызметінде үлкен табыс пен жетістіктер тілеймін!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемдегі ең озық білім беру ордаларының алдыңғы қатарында бола беруіне тілектеспін! Бүгінгі дәстүрлі «Түлектер күні» құтты болсын!

 

 

Батыс Қазақстан облысы

әкімінің орынбасары                                                         А.Нұралиев

БҚО әкімі орынбасарының құттықтауы.pdf