Негізгі бет / БАҚ біз туралы / БАҚ жарияланымдары БАҚ жарияланымдары

ҚазҰУ түлектер күнін тойлады

Қазақ газеттері

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзінің 85 жылдық мерейтойы мен Түлектер күнін атап өтті.

Қазақ газеттері

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзінің 85 жылдық мерейтойы мен Түлектер күнін атап өтті.

Бұл күні «Мәңгілік Ел» триумфалды аркасында курстастармен, педагогтармен кездесу, университет мерейтойына және Түлектер Қауымдастығының 25 жылдығына арналған түлектердің II форумы жұмысына қатысу үшін 2 мыңнан астам түлек жиналды.

Тұңғыш рет экс-студенттердің слеті 2014 жылы өтті, ал Түлектер күні мамыр айының соңғы сенбісінде дәстүрлі түрде өткізіледі. Бақытты студенттік кезең, өмірдегі ұмытылмас сәттер университетпен байланысты. Өткен жылдарды еске алу, көптен күткен кездесу барлығы түлектерге күш-қуат беріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Түлектер студенттік жылдары туралы естеліктерін сақтап, альма-матер өмірі жайында да үнемі қызығушылық танытып, үлкен өмірге жол ашқан университетінің әрбір жетістігі мен жеңісіне бірге қуанып отырады.

Университет пен түлектер қоғамдастығы арасындағы дәнекер, іс-шараның ұйытқысы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығы. Қауымдастықты 1981 жылғы заң факультетінің түлегі, ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мами басқарады. Төралқа құрамына Олжас Сүлейменов, Мырзатай Жолдасбеков, Кенжеғали Сағадиев, Ақмарал Арыстанбекова, Арманжан Байтасов, Алмасадам Сәтқалиев, Нұрлан Смағұлов және т.б. белгілі тұлғалар кіреді.

II Форумның іс-шараларына университет түлектері, мемлекеттік құрылымдар, ғылыми қоғам, бизнес-қауымдастық, Қазақстаннан, алыс және жақын шетелдерден серіктес жоғары оқу орындарының, ҚР-дағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Таңғы сағат 10-да олар «Мәңгілік ел» салтанатты қақпасына жиналды. Мереке меценаттардың Құрмет тақтасының тұсаукесерімен басталып, әл-Фараби және Өмірбек Жолдасбековтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюмен жалғасты. Содан кейін қонақтар студенттер сарайында ҚазҰУ-дың жетістіктері мен дамуы туралы фотокөрмемен танысты.

http://kazgazeta.kz/?p=84258

 

 

Басылым күні: 26-мам-19