Негізгі бет / Құттықтаулар! / Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевтің құттықтау сөзі Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевтің құттықтау сөзі

Әл-Фараби атындағы

 ҚазҰУ ректоры,

академик Ғ.М. Мұтановқа

 

 

 

Құрметті Ғалымқайыр Мұтанұлы!

 

      Дүниежүзі қазақстары қауымдастығының қызметкерлері, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің түлектері - Біздер Механика-математика факультетінің залын Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлының атымен тап,  1-ші наурыз күні  ашылатынын естіп, өте қуаныштымыз.

      Аса көрнекті, талантты ұстаз, Қазақстанның ғылымымен біліміне зор үлес қосқан академик Жолдасбековты еске қалдыру мақсатына арналған залдың ашылуымен шын жүректен құттықтаймыз.

      Біздің Университет қалашығының алғашқы ірге тасын қалап, ғылымның дамуына жаға серпін берген академик Өмірбек Арысланұлы өз өмірінің ең қымбат  та алтын уақытын аталмыш ұжымға арнаған еді.

      Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлының ісін ары қарай жалғастыратыныңызға сенім білдіре отырып, Университеттің дамып, гүлденуіне зор табыстар тілейміз!

      Оның есімі біздің жадымызда мәңгі сақталады!


         Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы

         төрағасының бірінші орынбасары                                                                         Талғат Мамашев