Философия және саясаттану факультеті ҚазҰУ түлектері қауымдастығы төралқасының құрамына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Медеғалиұлы Жазықбайдың кандидатурасын ұсынады.
Әр жылдары Жазықбай Дархан Медеғалиұлы Алматы заң институтының, Ішкі Істер Министрлігі Академиясының оқытушысы лауазымдарын атқарды, кадр жұмысы департаментінің аға инспекторы, ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, ҚР ІІМ Академиясының кадрлар бөлімінің бастығы, Әкімшілік бөлім меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Кадр жұмысы және Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымдарын атқарды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Жазықбай Дархан Медеғалиұлы факультет пен университеттің дамуына үлкен үлес қосты және осыған байланысты философия және саясаттану факультеті ҚазҰУ түлектері Ассоциациясы Төралқасының құрамына Жазықбай Дархан Медеғалиұлының кандидатурасын ұсынады.