Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

ҚазҰУ-дың "Мәңгілік ел" салтанатты арка құрылысының Меценаты

Халықаралық қатынастар факультеті Таймбетов Ауез Бағбанұлын ҚазҰУ түлектер қауымдастығы құрамына кандидатурасын ұсынады.

Таймбетов Ауез "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ-тың еншілес компаниясы "Волковгеология" АҚ тәуелсіз директоры және директорлар кеңесі құрамында, "Атамекен" ҰКП директорлар кеңесінің төрағасы және Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының төрағасы болған.

Қазіргі таңда, Таймбетов Ауез "Ақтөбе" АӨК басқармасының төрағасы.

Таймбетов Ауез факультеттің барлық маңызды іс-шараларына белсенді қатыса отырып, факультет аясында ғана емес, университет деңгейінде қаржылай көмек көрсетеді.

А.Б.Таймбетов факультет пен университеттің дамуына зор үлес қосты және осыған байланысты Халықаралық қатынастар факультеті Таймбетов Әуезді ҚазҰУ Түлектер қауымдастығы төралқасының құрамына ұсынады.

ҚазҰУ-дың "Мәңгілік ел" салтанатты арка құрылысының Меценаты

Басылым күні: 12-ақп-24