Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Түлектер қауымдастығы Төралқасының отырысын дайындау жөніндегі кеңес

2024 жылғы 7 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Түлектер қауымдастығының президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Мәми түлектер қауымдастығы Төралқасының отырысын дайындау бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Күн тәртібі бойынша, Қазақстанның түрлі қалаларынан шақырылатын түлектердің тізімі бекітілді. Олардың кандидатуралары Түлектер қауымдастығы Төралқасының кезекті отырысында "Төралқа құрамын" жаңарту үшін қаралатын болады. Факультеттер алдын ала Төралқаның жаңа құрамы бойынша өз ұсыныстарын берген болатын.

Түлектер қауымдастығының дирекциясы өз кезегінде "Түлектер қауымдастығы Төралқасының" барлық мүшелеріне жеке шақыру жібереді.

Басылым күні: 7-нау-24