Университетіміздің Эндаумент қорына, Қара шаңырақтан түлеп ұшқалы отырған түлектерімізде өз үлесін қосуда. Соған дәлел ретінде өткен жылы мамыр айында Эндаумент фондының қоры түлектер тарапынан 6 437 800 тг толықтырылды. Аталған бітіруші түлектерге, яғни бакалавр, магистрант, докторанттарға «Түлектер куәлігі» жасалынып, таратылды. Бұл куәлік мынадай мүмкіндіктерді береді:
- ҚазҰУ түлектер қауымдастығының түрлі жобаларына, ұжымдық іс-шараларына қатысуға;
- ҚазҰУ спорттық инфрақұрылым нысандарын жеңілдік бағамен пайдалануға;
- Магистратура оқу ақысына жеңілдік қарастырылады (Бакалаврдегі дипломы үздік болған жағдайда – 20 %, «жақсы» және «өте жақсы» бағалары бар дипломмен – 15 % жеңілдікке ие бола алады);
- Университет қабырғасындағы семинарларға, дәрістерге, конференцияларға, кездесулерге, мастер- класстарға қатысуға;
- Медициналық орталықтың жеңілдік қарастырылған қызметтерін, фотостудия, кітап дүкені, сұлулық салоны және өзге де «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының қызметтерін, ҚазҰУ кітапханасының, интернет-кафесінің, тамақтану комбинатының қызметтерін пайдалануға;
- Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысуға, ҚазҰУ-дың жетекші ғалымдарымен бірге отырып ғылыми жұмыспен айналысуға.Жалпы 5364 бітіруші түлекке куәлік жасалынды, Эндаумент фондқа 6 437 800 теңге көлемде ақша түсті.
Түлектер куәлігі
|
Факультет атауы
|
Жалпы студент саны
|
Жалпы сомасы
|
|
География және табиғатты пайдалану
|
894
|
1 072 800 тг
|
2
|
Журналистика
|
59
|
70 800 тг
|
3
|
Биология және биотехнология
|
534
|
640 800 тг
|
4
|
Ақпараттық технологиялар
|
588
|
705 600 тг
|
5
|
Халықаралық қатынастар
|
223
|
267 600 тг
|
6
|
Химия және химиялық технология
|
544
|
652 800 тг
|
7
|
Физика техникалық
|
501
|
601 200 тг
|
8
|
Философия және саясаттану
|
355
|
427 000 тг
|
9
|
Экономика және жоғары бизнес мектебі
|
592
|
710 400 тг
|
10
|
Механика математика
|
85
|
102 000 тг
|
11
|
Филология
|
565
|
678 000 тг
|
12
|
Заң
|
269
|
322 800 тг
|
13
|
Шығыстану
|
155
|
186 000 тг
|
|
Жалпы:
|
5364
|
6 437 800
|