Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Cағат стелласы

Біздің альма матердің атауына лайықты Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай түлектер университетке сый ретінде циферблатты механикалық сағатты ұсынды. Бұл жомарт сыйлық дәстүрлі жалпыуниверситеттік мереке – ағымдағы жылдың 30 мамырында онлайн форматта өткен түлектер күнін қорытындылады.
Меценаттардың ұсынысы бойынша сағат биіктігі 19,3 метр стелаға орнатылады. Бұл «Мәңгілік ел» Орталық аллеясының жалғасы, оның бастауы Тимирязев көшесінде 2016 жылы университет пен түлектердің мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде салған «Мәңгілік ел» салтанат қақпасына табан тірейді.
Құрметті түлек!
 
Ал ҚазҰУ қалашығының оңтүстік бөлігінде көлік айрығы телімі орналасқан. Мұнда «Мәңгілік Ел» сағаты бар стеланы МЖӘ қағидаттарында салу көзделіп отыр. Сағат параметрлері өте қомақты және диаметрі 1600х1600 мм жетеді. Сағат қойылған стела төрт тіректе тікбұрышты және ось өлшемі 3,80х3,80 м болады.
Осыған байланысты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығы сағат қойылған стеланы салу үшін өз еркімен жарна негізінде жүзеге асыру ниетін жариялайды.
Сағат стела түлектердің университеттің даму эндаумент қорының қолдау көрсетуіндегі пәрменділігін бейнелейді. Әрине, мұндай стела – біздің жастығымыз өткен әлемдік деңгейдегі студенттік кампусты ғана емес, Алматы қаласын да лайықты безендіру. Ол Іле Алатауының қар таулары сияқты жылдың кез келген уақытында өзінің сұлулығымен қуантып, әрқайсысымызға өте маңызды шындықты еске салып тұратын болады: «Уақыттың құнын біл,  минуттың салмағын біл,  секундтың есебін біл!".
 
Үздік меценаттардың есімдері Меценаттардың Құрметті тақтасына орналастырылады!
Біз бүгіннен бастап түлектерді осы акцияға қосылуға шақырамыз!
 
Құрметпен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығы
             
Заңды мекенжайы және банктік деректемелері
«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі
 
Есеп айырысу шоттары
№ KZ818560000000481401 (KZT)
№ KZ928560000000520488 (€; $)
БСН 081040002351
КБЕ 18
«БанкЦентрКредит» АҚ Алматы қалалық филиалында»
МФО банка KCJBKZKX
Белгі: демеушілік көмек
тел. +7 702 157 06 90 (Түлектер қауымдастығының бухгалтері )
Тел.+ 7 771 207 29 09 (Түлектер қауымдастығының атқарушы директоры)
 
--
Кулгазира Балтабаева
 
Басылым күні: 27-мау-20