Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

География және табиғатты пайдалану факультеті Түлектер қауымдастығы Кеңесі

Биылғы жылы География және табиғатты пайдалану факультеті Түлектер қауымдастығы Кеңесінің жыл сайынғы түлектердің дәстүрлі кездесуін ZOOM платформасында өткізді https://youtu.be/EQD55hdLJmg

Сөз басында, география және табиғатты пайдалану факультетінің тарихы мен жетістіктері жайлы, факультеттің Түлектер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Сальников В.Г. таныстырып, түлектерге ерекше мақтаныш сезімін ұялатты.

 

Биылғы жылы География және табиғатты пайдалану факультеті Түлектер қауымдастығы Кеңесінің жыл сайынғы түлектердің дәстүрлі кездесуін ZOOM платформасында өткізді https://youtu.be/EQD55hdLJmg

Сөз басында, география және табиғатты пайдалану факультетінің тарихы мен жетістіктері жайлы, факультеттің Түлектер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Сальников В.Г. таныстырып, түлектерге ерекше мақтаныш сезімін ұялатты.

Онлайн-кездесу әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы және ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының президенті, з.ғ.д., профессор, заң факультетінің 1981 жылғы түлегі Қайрат Әбдіразақұлының құттықтауымен ашылды.

Кездесу барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері Қауымдастығының «Тәлімгерлік: әркім ие бола алатын мүмкіндік» жобасын ортаға салып талқыланды. Кездесуге қатысушылардың бәрі бұл жобаны қолдайтындығын және оны ары қарай дамытуда өз үлестерін қосатындығын айтып жеткізді.

Түлектерді видео-құттықтаулармен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «География және су қауіпсіздігі институты» директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың екі мәрте лауреаты (2013, 2019 жж.) Медеу А. Р., Лисаков тау-кен байыту комбинатының бұрынғы бас геологы болған Алимжанова Г. М., Алматы қаласы туризм басқармасының туризмді дамыту бөлімінің бастығы Ещанова А.Н. жалғастырды.

Факультет түлегі, «Қазгидромет» РМК бас директоры, Қазақстанның ӘМҰ жанындағы тұрақты өкілі Алимбаева Д. Қ. құттықтау сөз сөйледі. Мерейтойлық түлек, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының меңгерушісі г.ғ.д., проф. Нүсіпова Г.Н.құттықтау сөз сөйлеп, тәлімгерліктің нағыз мысалы ретінде,республикалық атаулы мектептің негізін қалаушы,педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», Ресей Ғылым Академиясының академигі осы онлайн-кездесуге қатысушы У.А. Есназарованың рөлін,  ұстаздың ғылыми-педагогикалық тәжірибесінің жастарға ерекше үлгі екенін атап өтті.

Мерейтойлық түлек, метеорология және гидрология кафедрасының меңгерушіс, г.ғ. к., профессор м.а. Полякова С.Е., география, жерге орналастыру және  кадастр кафедрасының профессоры Темірбеков А.Т.(видео-құттықтау), ҚР БҒМ «География және су қауіпсіздігі институты» директорының орынбасары, Әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2019 ж) Алимкулов С. К. және басқа мерейтойлық түлектер сөз сөйлеп, факультеттегі ұрпақтар жалғастығының орнын ерекше ықыласпен атап көрсеті.

Келуші түлектеріміздің ішінен ерекшеленген, Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2019 ж.) Тұрсынова А. А. құттықтау сөз сөйлеп, соңын   көтеріңкі әзілмен ұштастырып, түлектерге ерекше көңіл күй сыйлады:«Аспанға алып құс ұшады, үлкен қанаттарын кеңінен сермеп,  алға қарай қалықтап ұшады. Ал жанында, алып құспен талпына, кішкентай құс ұшады:

- Біз қайда ұшып барамыз, айтыңызшы ? Қайда,  қайда  айтыңызшы?

Бірақ үлкен құс жауап қатпайды............

- Біз қайда ұшып барамыз, айтыңызшы ? Қайда,  қайда  айтыңызшы? 

Әрең үлгеріп, шамасы жеткенше алып құспен ілесіп ұшып келе жатқан кішкентай құсқа, байсалды тұрпатта мойын бұрып, ойылы көздерімен қараған алып құс:

- БІЛМЕЙМІН...... деп жауап беріпті.

Бұл ғибратты әзіл арқылы ғылым жолындағы жастар үшін ғылыми жетекшілерінің, оларды тек алға жетелеп, өмір әлеміндегі биік шыңдарды бағындыруына ықпал етудегі орны маңыздылығы ерекшеленеді.

Сонымен бірге құттықтау сөзді, География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының профессоры Есназарова У.А, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Болашақ» Президенттік бағдарламасының түлегі Жақсыбай Рахат, PhD, картография және геоинформатика кафедрасының доцентінің м.а. - Асылбекова А. А., «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент филиалының Еңбекші аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің кадастр маманы Солтанбеков Д.С., факультет түлегі «Clever-tour» туристік фирмасының директоры Губайдуллина А, Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы, факультет түлегі Бектібаев Қ. Д. құттықтау сөз сөйледі. Атырау облысы бойынша жер қойнауын пайдалану және су ресурстары, табиғи ресурстарды басқару және экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы Гәкку Каримқызы құттықтау сөзін сөз сөйлеп, өзі жазған жыр шумағын тарту етті:

Бес жыл бұрын түлеп ұштық ҚазҰУ-ден,

Жырақтамыз ұстаз, шәкірт бір жүрген.

Жиі-жиі хабарласып тұрайық,

Шектелмейік бүгінгідей бір күнмен.

 

Курстастар кешегі арман жетелер-

Қазір бір-бір аналар мен әкелер.

Баршаңызға бар жақсыны тіледім,

Мақсаттардың билігіне жете бер.

 

Көңіл болды сағыныштан босаған,

Сыйластықпен сұлу әркез осы адам.

Бас-басыңа бергей Аллам амандық,

Жүздескенше болыңыздар, қош, аман!!!

 

Онлайн-кездесуде барлық қатысушылар алғыс тілектерімен, ой пікірлерімен, ұсыныстарымен бөлісе отырып, іс-шараны «Армандастар» ән-құттықтаумен бірлесе шырқап ерекше салтанатты көңіл күймен аяқтады.

Төтенше жағдайға қарамастан, кездесудің сәтті өткені қуантады. Болашақта - бұрынғы студенттердің alma mater-мен ынтымақтастығының жаңа көкжиектері көрінуде.

 

 

 

 

Басылым күні: 1-мау-20