Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Онлайн кездесудің есебі

 Ұлтымыздың ұлы тұлғалары М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Балақаевтар негізін қалаған филология және әлем тілдері факультететінің тарихы терең, дәстүрі бай. Факультетте қазақ әдебиетінің классигі, шығармалары әлем әдебиетінің алтын қорынан орын алған академик-жазушы Мұхтар Әуезов 30 жылға таяу еңбек етті. Филология және әлем тілдері факультетін бітірген түлектер арасынан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері шықты. Олардың ішінде Мырзатай Жолдасбеков, Әбіш Кекілбаев, Нұрлан Оразалин, Уалихан Қалижанұлы, Жансейіт Түймебаев, Алдан Смайыл сынды дара тұлғалар бар. Атақты ақын-жазушылар  Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әзілхан Нұршайықов, Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Қадыр Мырза-Әли, Тұманбай Молдағалиев, Дулат Исабеков  сынды қазақ руханиятындағы орны бөлек ақын-жазушы түлектерін факультет қашанда мақтан тұтады.

 

 Ұлтымыздың ұлы тұлғалары М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Балақаевтар негізін қалаған филология және әлем тілдері факультететінің тарихы терең, дәстүрі бай. Факультетте қазақ әдебиетінің классигі, шығармалары әлем әдебиетінің алтын қорынан орын алған академик-жазушы Мұхтар Әуезов 30 жылға таяу еңбек етті. Филология және әлем тілдері факультетін бітірген түлектер арасынан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері шықты. Олардың ішінде Мырзатай Жолдасбеков, Әбіш Кекілбаев, Нұрлан Оразалин, Уалихан Қалижанұлы, Жансейіт Түймебаев, Алдан Смайыл сынды дара тұлғалар бар. Атақты ақын-жазушылар  Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әзілхан Нұршайықов, Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Қадыр Мырза-Әли, Тұманбай Молдағалиев, Дулат Исабеков  сынды қазақ руханиятындағы орны бөлек ақын-жазушы түлектерін факультет қашанда мақтан тұтады.

Қазақ білімі мен ғылымының қарашаңырағы атанған ҚазҰУ Түлектер Ассоцациясының ұйымдастыруымен биылғы онлайн форматтағы жүздесу университетіміз атын иеленген ғұлама ғалым  Әбу  Насыр  әл-Фарабидың  1150  жылдығы аясында  өткізілді. Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан игілікті іс-шара 30 мамыр күні  қазақ руханиятының орталығына айналған филология және әлем тілдері факультетінде жалғастығын тапты. Онлайн кездесу филология және әлем тілдері факультетінің деканы, профессор Ө.Әбдиманұлының  кіріспе сөзімен ашылып,  Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ ректоры академик Ғалымқайыр Мұтанұлы  Мұтановтың және  Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ  Түлектері  Ассоциациясының  Президенті,  заң ғылымдарының  докторы, профессор  Қайрат  Абдразақұлы  Мәмидің құттықтауларымен  жалғасты. Сонымен  бірге  онлайн  кездесу қатысушыларына  факультетіміздің Түлектер  Қауымдастығының Төрағасы, белгілі қалмгер, драматург, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Премьер-Министрінің парламенттегі өкілі  Ермек Аманшаев өзінің жүрекжарды тілегін жолдап, ұжымның қазақ руханиятында алар орнын, ұстаздар қалыптастырған ғылыми мектептердің бүгінгі білім беру жүйесіндегі көшбасшылық рөлін, бітіруші түлектердің   тәуелсіз еліміздің нығаюы  жолындағы абыройлы еңбектерін ерекше атап өтті. Кездесу модераторы, филология және әлем тілдері факультетінің деканы, профессор Ө.Әбдиманұлы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері Қауымдастығының «Тәлімгерлік: әркім ие бола алатын мүмкіндік»  атты жобасының маңыздылығына тоқтала отырып,  осы маңызды құжатта баяндалған тұжырымдар факультетте дәстүр сабақтастығы негізінде әрқашан  жалғастығын тауып келе жатқанына мән берді.  Онлайн кездесуде  факультетті бітіргеніне мерейлі жылдарын атап отырған түлектер  университетке, факультетке және өздерін үлкен өмір жолына қанат қақтырған ұлағатты ұстаздарына деген жүрекжарды сағыныш тілектерін жеткізді. Университеттің 1965 жылғы түлегі, бітіргеніне 55 жыл толған жазушы, ҚР Мемлекеттік Сыйлығының иегері Бексұлтан Нұржекенің, жартығасырлық  мерейлі жыл толған, 1970 жылғы түлек, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалинның  бейнебаян арқылы жеткізген құттықтау сөздері биыл бітіргелі отырған тәлімгерлерге  үлкен ой салып, олардың болашақ ана  тілі мен әдебиетінің  абыройын биіктетер маман боларына сенім білдірді.  Кездесу барысында қазіргі таңда еліміздің әр аймағында, түрлі салада абыроймен еңбек етіп жүрген  түлектер  өздерінің  лебіздерін,  факультеттің  өсіп-өркендей беруіне тілектестіктерін білдірді. Олардың арасында С.Димирель атындағы Қазақ-Түрік университетінің   профессоры, филология ғылымдарының докторы,  факультетіміздің  1969  жылғы түлегі Дандай Ысқақұлы,  Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі, филология ғылымдарының кандидаты,  факультетіміздің  1994    жылғы түлегі Мамай Ахет, Қызылорда облысы, Сырдария ауданының әкімі, факультетіміздің  1994    жылғы түлегі Руслан Рүстемұлы,  НАЗАРБАЕВ   университеті   «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, факультетіміздің  1981   жылғы түлегі Гүлтас Құрманбай бар. Өзі түлеп ұшқан алтын ұя – факультет туралы әсерлі естеліктерін ортаға салған  әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері,  филология  ғылымдарының  кандидаты, факультетіміздің  1994    жылғы түлегі Сәуле Жанпейісова  құттықтау сөзін әсерлі әнмен жалғастырды. Сонымен бірге онлайн кездесуде кино өнері саласында абыроймен еңбек етіп жүрген, ҚР Мәдениет қайраткері, Халықаралық кинофестивальдардың   жеңімпазы  режиссер Жаңабек Жетіруов, «Қазақстан» телеарнасының продюссері, журналист Жаңыл Асылбекова, ақын,  ҚР Мәдениет қайраткері Серік Қалиев, М.Әуезов Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті жоғары білім беру институның директоры, филология  ғылымдарының  кандидаты, факультетіміздің 1993 жылғы  түлегі  Әзімхан Ыбырайым,  Еуразия Гуманитарлық  университетінің кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Лаура Дәуренбекова өздерінің студенттік шақтарынан естеліктер айтып, бітіруші түлектерге сәт-cапар тіледі. Университет қабырғасынан түлеп ұшқанына мерейлі  25 жыл толған шәкірттер атынан  ақын, әдебиетші,  ҚР Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Елбасы  Кеңсесі Кеңсе  басшысы   хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Батырболат Қабош, 10 жылдық мерейлі жылдың куәгерлері атынан «КТК» теларнасының журналисі  Ербол Тұрымбет және «Хабар-24»  арнасының  жүргізушісі  Бауыржан Жақсылықовтар бейне құттықтауларын жолдады.

Түлектер күні аясында факультет кафедраларының да онлайн кездесулері ұйымдастырылды. «Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы» кафедрасының  ұйымдастыруымен өткізілген онлайн кездесуге бітіргеніне 10, 20,30,50 жыл болған мерейлі жылдардың түлектері қатысты. Кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Алуа Темірболат қазіргі таңда кафедра түлектерінің   түрлі салада  абыроймен еңбек етіп жүргенін атап өтті. «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Әдебиеттану» мамандықтарын бітірген шәкірттер  қазақ руханиятының дамуына зор үлес қосып келеді.  Олардың арасында тіл мен әдебиет саласында ғана емес, журналистика, қоғамдық-әлеуметтік, кино, театр салаларында да ел алғысына бөленгендері аз емес. Онлайн жүздесуде белігілі  ғалым, Л.Гумилев атындағы Еуразия университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі  профессор Р.Тұрысбек, ақындар, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегерлері Дәулеткерей Кәпұлы, Серік Қалиев, Серікқазы Дүйсенғазин т.б кафедраның алдағы уақытта да үлкен жетістітерге жете беруіне, биылғы бітіруші түлектердің  де ел игілігі үшін абыроймен қызмет етуіне тілектерін жеткізді. Кездесу барысында кафедараның қазіргі бағыт-бағдары, тәлімгерлерге атаулы стипендиялардың берілу  жайы да талқыланды. Сонымен бірге мерейлі жылдарда бітірген түлектердің бейнеқұттықтаулары  берілді.

«Қазақ тіл білімі кафедрасының»  zoom платформасы арқылы онлайн кездесуі «Менің мәртебелі мамандығым» тақырыбында болды. Кездесуді қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д. Алтынай Тымболова  жүргізіп отырды.  Іс – шараға   ҚазҰУ-дың 1977 жылғы түлегі, елімізге танымал ғалым, филология ғылымының докторы, Назарбаев университетінің профессоры Зейнехан Сейітханқызы Күзекова, ҚазҰУ-дың 1994 жылғы түлегі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Qazaqstan» ұлттық арнасының продюсері, ақын, бірнеше жыр жинақтарының авторы Жаңылхан Мәмежанқызы Асылбекова, т.б. қатысты. Кезесуге қатысушылар университет қабырғасындағы алған білімі мен мақтан тұтар ұстаздары туралы,  студенттік шақтағы қызықты жылдардың сағыншты естеліктерімен бөлісті. Биылғы бітіруші түлектерге ақжарма тілегін айтып, үлкен өмірдегі қадамдарына сәттілік тіледі. Шара соңында кафедра түлектері жайлы дайындалған бейне-ролик көрсетілді.     

«Орыс филолгиясы және әлем әдебиеті» кафедрасында өткізілген кездесуді кафедра меңгерушісі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Б.Жолдасбекова ашты.  Кездесу барысында университетті бітіргеніне мерейлі 40 жыл болған  1980 жылғы  түлектер  Е.Б.Чекинаның және  Р.Б.Абилованың бейнеқұттықтаулары берілді. Онлайн-кедесуге  62 түлек қатысты. Сонымен бірге кафедраның әр жылдардағы түлектері Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры  А.К. Жумабекова, профессор СДУ профессры  Л.Ю. Мирзоева, Санкт-Петербург Гуманитарлық университетінің  Алматы филиалының проректоры  Е.В.Лясковская, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ аға оқытушысы О.Н. Тимофеева өздерінің естеліктерімен бөлісіп, құттықтауларын жеткізді. Кафедра басшылығы  факультеттің өркендеуіне өз үлесін қосқан түлектерді алғыс хаттаррмен марапатттады.

 «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен түлектер кездесуіне  «Аударма ісі» мен «Шетел филологиясы» мамандықтарын бітіріп, республикамызда, сонымен қатар жақын және алыс шетелдерде қызмет етіп, докторантура бойынша білім алып жүрген түлектер қатысты. Кафедра меңгерушісі, доцент, PhD докторы  М.М.Аймағамбетова кездесуге келген түлектерді бүгінгідей қуанышты сәттерімен құттықтап, университет, факультет, кафедраның айтулы жетістіктерімен таныстырды. Кездесу барысында түлектер өздерінің жүрекжарды лебіздерін айтты, оқып жүрген кезеңдеріндегі қызықты естеліктерімен бөлісті, аударма өнерінің қыр-сырын айтты. Атап айтқанда, «Қазақстан» телеарнасының белгілі журналисі, аудармашы, «Экософия», «Мың сұрақ» т.б кітаптардың аудармашысы С.Н.Көкенов, филология ғылымдарының кандидаты, Абердин университетінің докторанты, Ұлыбритания, Лидс университетінің Білім саласындағы саясат және көшбасшылық мамандығы бойынша магистрі Г.Б.Түсіпова, филология магистрі, жоғары білікті аудармашы, ҚР ДС ӘД Министрлігінің салалық терминологиялық комиссиясының денсаулық сақтау саласы бойынша мүшесі, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың терминологиялық комиссия сарапшысы, қазақ тілі кафедрасының оқытушысы Н.Ә.Төлеева, Қытай халық республикасында қызмет атқаратын Чжанга және т.б. Факультет түлегі Жанна Верещак өзінің ән шашуын тарту етіп, француз тілінде тамаша ән  айтып берді.

«Жалпы тіл білімі және Европа тілдері» тілдері кафедрасында ұйымдастырылған  онлайн  кездесуге  де еліміз бен шет мемлекеттерде қызмет етіп жүрген түлектер қатысып, өздерінің жылы лебіздерін жеткізді. Кафедра  меңгерушісі, профессор Г.Б. Мәдиева ұсынған презентацияда кафедраның өткен тарихы мен бүгінгі жетістіктері,  кафедраның  негізін салушы тілші ғалымдар туралы да баяндалды. Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы бірнеше жыл қатарынан факультет бойынша көш бастап, университеттің үздік кафедралары қатарына енуде. Кафедра оқытушылары мен студенттерінің жетістіктері түлектер тарапынан жоғары қошеметке ие болды. Белсенді студенттерді ынталандыру мақсатында бірқатар атаулы шәкіртақылар табысталды. Университет түлегі, бүгінгі таңдағы ардагер ұстаз Ж.У. Мукашеваның атаулы шәкіртақысы «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының биылғы түлегі С. Медетбекке, кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары М.Қ. Мәмбетованың шәкіртақысы магистрант Б. Мырзабековаға, ал кафедра меңгерушісі Г.Б. Мәдиеваның атаулы шәкіртақысы докторант Г.С. Нәбиеваға табысталды. Шәкіртақы табыстаушы қазіргі университет қызметкерлері – кезінде қара шаңырақта бакалавриат, аспирантурада білім алған түлектері. ҚазҰУ түлектерінің қазіргі студенттерге шәкіртақы табыстауы ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі іспеттес. Zoom бағдарламасы арқылы өткен онлайн кездесуде АҚШ, Вашингтон қаласынан Тілдер жөніндегі біріккен ұлттық комитет – Тілдер және халықаралық зерттеулер ұлттық кеңесінің атқарушы директоры, Ph.D. У.П. Риверс, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Е. Саурықов, Американың Мэриленд университетінде ғылыми тағылымдамада жүрген кафедрамыздың аға оқытушысы, PhD Ж. Таубаевтар кафедра ұжымына видеоқұттықтауларын жолдады. Сонымен қатар, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Қарлығаш Айдарбек, айтыскер ақын Балғынбек Имашев, «Хабар-24» арнасының жүргізушісі, диктор Бауыржан Жақсылықов, Мичиган университетінде білімін жалғастырып жатқан Жолдас Өрісбай, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Жадыра Мұзбаева, Тараз мемлекеттік университетінің оқытушысы Дәулет Айгүл сынды кафедраның дарынды түлектері жылы лебіздерін білдіріп, қара шаңыраққа арнауларын тарту етті.

Филология және әлем тілдері факультетінде  ерекше көңіл-күймен өткен салтанатты жиынға еліміздің әр түкпірінен  400-ден   аса  түлек, әлеуметтік желілердегі тікелей эфирден 100-ден аса  қонақ  қатысты. Сонымен бірге  онлайн кездесудегі байланысқа   АҚШ, Түркия, Қытай т.б. шет мемлекеттерде  қызмет атқарып және білімін жалғасытырып  жүрген түлектер де  қосылды. Салтанатты кездесу соңында тлектер  «Армандастар» әнін айтып, қимастықпен қоштасты.

 

 

Филология және әлем тілдері факультеті

Түлектер Қауымдастығының координаторы                     С.Дәрібайұлы

 

Басылым күні: 1-мау-20