Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

«Түлектер күні» өтті

Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетінің дәстүрлі жыл сайын мамыр айының соңында өтетін «Түлектер күні» салтанатты жиыны болып өтті. Жиынды жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы Ж.С.Әділханова кіріспе сөзбен ашып, келген қонақтарды қабылдады.

Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетінің дәстүрлі жыл сайын мамыр айының соңында өтетін «Түлектер күні» салтанатты жиыны болып өтті. Жиынды жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы Ж.С.Әділханова кіріспе сөзбен ашып, келген қонақтарды қабылдады.

Бұл шара әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби бабамыздың 1150 және Ұлы Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына арналды. Атаулы шара университетіміздің ректоры Ғ.М.Мұтановтың және «Түлектер Қауымдастығының» Президенті Қ.Ә.Мәмидің құттықтау сөздерімен ашылды.

Одан әрі жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы Ж.Е.Жаппасовтың, жоғары оқу онына дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі М.С.Мырзабековтың құттықтау лебіздерімен жалғасты. Олар бұл кездесудің маңыздылығына тоқталды.

Университеттің барлық факульттеттерінде, барлық кафедраларында атқарылатын бұл шара - шын мәнінде  маңызды іс шара.

Маңыздылығы: жыл сайын осы оқу орнын бітіріп, қоғамға білімі мен еңбегін беруге аттанған түлектер бес, он, он бес, жиырма,т.с.с. жылдардан кейін өзі білім алған университетіне келіп, ұстаздарымен қауышып, биыл оқу бітіріп жатқан жастарға өз жетістіктерін, өз өмір жолын үлгі ете отырып, ақ жол тілейді,  қайырымдылық көмектер жасайды. Бүгінгі кездесуге келген жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің түлектері де еліміздің әр саласында өз үлестерін қосып жүрген азаматтар.

Олардың қатарында «Қамшы kz» ақпараттық  порталының директоры Б.Қуаныш, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Н.Елесбай, белгілі әнші, сазгер Ұ.Жамалбек, белгілі өнертанушы, драматург Ә.Бағдат, ақындар Ж.Қажымұрат, Г.Әзілбек, А.Әкімбек  т.б түлектер қатысты.

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің дәрісханасы ауқымы кең, әлемнің әр түкпірінен келіп білім алып жатқан жастардан тұрады. Сондықтан біз өз университетімізді ұшырған түлектеріміз арқылы төрткүл дүниеге танытып, білім мен ғылымның өрісін кеңге жайып жатқан факультеттің бірі болып отырмыз.

ҚХР, Монғолия, АИР, Өзбекстан, Түркия, Корея, Жапон т.б елдерден келіп білім алып, қазақ тілі мен тарихын, мәдениетін үйреніп, риза болып аттанған қаншама шетелдік түлектеріміз де бар. Солардың бірі Ауғанстан Ислам Республикасының мәдениет және ақпарат бөлімінің басшысы, 2010 жылғы түлегіміз Р.Хугяни қатысты.

Кездесуде түлектердің құттықтау бейне жазбалары, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының жетістіктері туралы слайд, фотолар көрсетілді.

Ұстаздар атынан профессор Қ.А.Аққошқарова түлектерге өз жылы лебізін білдірді. Биылғы жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасын бітіруші шәкірттердің атынан Г.Көпшікбай Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқаса, Ж.Құмарбек келген қонақтарға алғыс білдірді. 

Жиынның соңын жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Б.Әмірханов қорытындылады.  Салтанатты жиын «Армандастар» әнімен шымылдығын жапты. Модератор Ж.С.Әділханова келген қонақтарға алғыс білдірді.

Түлектер кездесуі - өздері білім алған ыстық ұясына деген сағыныш пен құрметтің белгісі. Білім алған оқу орындарына ел азаматы болып оралып, тұлға болып қалыптасқанын қоғамда атқарып жатқан нақты істерімен көрсетеді. Арттарынан еріп келе жатқан іні-қарындастарына  үлкен өмір жолында дұрыс жолды таңдауда үлгі болады. Бүгінгі болып өткен салтанатты жиын  өз мақсатына жетті деп айта аламыз.

Қосымшада: Шақыру, шараның бағдарламасы, Әл Фараби атындағы ҚазҰУнің ректоры Ғ.М.Мұтановтың және Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер Қауымдастығының Президенті Қ.Ә.Мәмидің құттықтау бейне ролигі. ҚазҰУ туралы видео слайд, жоғары оқу орнына дейінгі  дайындық кафедрасының жетістіктері туралы слайд, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының құрметті профессоры Қ,А.Аққошқарованың және түлектер құттықтау бейне жазбалары тіркелді.


 

Басылым күні: 1-мау-20