Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің аса қадірменді түлектері!

Құрметті түлектер, философия және саясаттану факультеті Сіздердің факультетке көрсеткен қолдауларыңыз бен көмектеріңізге өз алғысы мен ризашылығын білдіреді. Сіздердің қатысуларыңызбен факультетте көптеген маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды. Осы үшін сіздерге үлкен алғыс білдіреміз!

 

 

 

Құрметті түлектер, философия және саясаттану факультеті Сіздердің факультетке көрсеткен қолдауларыңыз бен көмектеріңізге өз алғысы мен ризашылығын білдіреді. Сіздердің қатысуларыңызбен факультетте көптеген маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды. Осы үшін сіздерге үлкен алғыс білдіреміз! Сіздер   лауазымды қызметте бола тұра, уақыт тапшылығына қарамай болашақ ұрпақ тәрбиелеуде айтарлықтай көмек көрсеттіңіздер, өз тәжірибелеріңізбен бөлісіп, студенттерге үлгі өнеге көрсете білдіңіздер. Біздің түлектер әрқашан да университетіміздің мақтанышы болып қалатынына сенімдіміз.

30 мамыр 2020 оқу жылында сағат 10.00 де  ҚазҰУ-дің Түлектер күні аясында факультетімізде ұйымдастырылып отырған мерекелік іс-шараға барлық  бітірген түлектер онлайн түрде қатысып, бір бірлеріңізбен кездесіп, жүздесе аласыздар.

Сіздерден сұрайтынымыз, университет Түлектер күніне қысқаша видео құттықтаулар және фотосурет жіберуде белсенділік таныта аласыздар.

Сіздерге зор денсаулық, береке бірлік, жетістіктер тілейміз!

                                      

Құрметпен, философия және саясаттану факультеті

 

 


 

Басылым күні: 28-мам-20