Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің аса қадірменді түлегі!

Карантин – бұл Түлектер күнін атап өтпеуге себеп емес. Карантин дегеніміз керісінше, жаңа форматта мерекені атап өту. Яғни Сіз қанша қашықта болсаңызда біздің мерекеге қатыса аласыз.

 

Карантин – бұл Түлектер күнін атап өтпеуге себеп емес. Карантин дегеніміз керісінше, жаңа форматта мерекені атап өту. Яғни Сіз қанша қашықта болсаңызда біздің мерекеге қатыса аласыз.

Механика-математика факультеті Сіздердің Альма-Матерге көрсеткен қолдауларыңызға өз алғысы мен ризашылығын білдіреді. Сіздердің қатысуларыңызбен, осы оқу жылының өзінде-ақ Смағұлов Ш.С. және Данаев Н.Т. есімдерін беретін аудиторияларды заманауи құрылғылармен жаңарттық, сыйақы-қорын қаржыландыруды ұлғайттық, т.б. заманауи құрылғылар алып үлгердік. Осы үшін Сіздерге үлкен алғыс білдіреміз! Сіздер құрметті лауазымдарда бола отырып, уақыт тапшылығына қарамай  жаңа ұрпақ тәрбиелеуде айтарлықтай көмек көрсеттіңіздер, өз тәжірибелеріңізбен бөлісіп, студенттерге үлгі бола білдіңіздер. Сіздердің жұмыс сапарларыңыз біздің студенттерді үздік оқуға шабыттандырады! Біздің түлектер әрқашан да университетіміздің мақтанышы болып қалатынына сенімдіміз.

2020 ж. 30 мамыр өтетін ҚазҰУ –дың Түлектер күні аясында  университетіміз ұйымдастырып жатқан мерекелік іс-шараға Сіздермен бірге бітірген түлектермен онлайн түрде кездесіп, құттықтау жазбасын жасап белсенділік таныта аласыздар.

Сіздерден сұрайтынымыз, егер қарсы болмасаңыздар университеттің Түлектер Күніне жеке немесе бірге бітірген түлектермен қысқаша құттықтау видеосын түсіріп, келесі поштаға жіберулеріңізді сұраймыз: beriksagitzhanov94@gmail.com,  okskaruna@gmail.com.

Біз мереке кезінде таратылатын жалпы құттықтауды қалыптастырамыз.

Түлектер күнін мерекелеу кезінде Сіздер бізге фотосурет немесе қызықты ақпаратты жаңғырту мақсатында жіберсеңіздер болады.

            Сіздерге зор денсаулық, істеріңізге береке тілейміз!

            Құрметпен, Механика-математика факультеті.


 

 

 

Басылым күні: 17-мам-20