Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

ҚАЗҰУ-дың түлектері күні -30 мамыр

Биылғы жыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің альма-матері үшін ерекше жыл болды. Лайықты түрде ұлы ғұламаның есімін иеленген университет әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай өткізіліп  жатқан көптеген халықаралық деңгейдегі іс-шаралармен айшықталып отыр.

Мерейтой жылының маңызды шараларының бірі жалпы университеттік мереке - ҚазҰУ түлектері күні. Жыл сайын ол мамыр айының соңғы сенбісінде өткізіледі және биылғы жылы 30 мамырға тұспа-тұс келді. Еліміздегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, университетте қалыптасқан осынау айтулы дәстүрді қолдау әрі дамыту мақсатында, түлектер күнін жаңа онлайн форматта өткізу жоспарлануда.

Біз түлектер күніне арналып алғаш рет сынақтан өткізіліп отырған қашықтық форматы бүгінгі күрделі кезеңде сан мыңдаған оқытушылар ұжымын, студенттер мен түлектерді бұрынғы уақыттағыдай білім, ғылым, спорт және мәдениеттің маңыздылығын арттырып, тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары төңірегінде топтасатыратындығына сенімдіміз.

             Сіздерді онлайн-кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз!

             Бейне-құттықтау жіберіңіздер!

             Кездесу өтетін платформаны анықтау және парольді алу үшін кафедраларыңыз бен факультеттеріңізге хабарласыңыздар!

Басылым күні: 20-мам-20