Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

2019 жылдың 25 мамыры – дәстүрлі ҚазҰУ түлектерінің күні

 

ҚазҰУ тарихында  алғаш рет жалпыуниверситеттік түлектер күні 2011 жылы 28 мамыр күні өткен. Содан бері жыл сайын мамыр айының соңғы аптасының сенбі күні Ө.А.Джолдасбеков атындағы студенттер сарайында аталып өтеді.  Түскі астан кейін түлектердің кездесулері факультеттерде өткізіледі. Мейрам сол жылғы университет бітіруші түлектердің кешкі балымен аяқталады.

Биылғы жылдың 25 мамырында (сенбі) ҚазҰУ мен оның түлектері университеттің 85 жылдық мерейтойын және Түлектер қауымдастығының 25 жылдығын салтанатты түрде атап өтеді. Дәстүр бойынша - «Мәңгілік ел» Триумфальдық аркасы жанында сағат 10-да жиналу.

 Қазірдің өзінде Түлектер қауымдастығына  «мерейтойлық күндер» аясында кездесуге қатысуға ұжымдық өтінімдер түсуде. Бұл 1959 (түлектеріне 60 жыл), 1969 (түлектеріне 50 жыл), 1979 (түлектеріне 40 жыл), 1989 (түлектеріне 30 жыл), 1999 (түлектеріне 20 жыл), 2009 ж. (түлектеріне 10 жыл).

Келесі даталар да «мерейтойлық» болып есептеледі – 1964 жыл (түлектеріне 55 жыл), 1974 жыл (түлектеріне 45 жыл), 1984 жыл (түлектеріне 35 жыл), 1994 жыл (түлектеріне 25 жыл), 2004 жыл (түлектеріне 15 жыл), 2014 жыл (түлектеріне 5 жыл).

Түлектердің  тұтас курстастарымен,  тобымен жиналмақ болулары, құптарлық!

            Біздің av.kaznu.kz веб-сайтында «Байланыс» айдарында бітірушілермен жұмыс істейтін үйлестірушілер туралы ақпарат таба аласыз. Байланысқа шығыңыз! Курстастарыңызбен, достарыңызбен және отбасыларыңызбен бірге келіңіз! Біз құшақ жая қарсы аламыз!

 

 

Басылым күні: 25-қаң-19