Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

ҚазҰУ – болашақтың баспалдағы

2017 жылдың мамыр айының 27-ші жұлдызында біздің университет қабырғасында жыл сайын өтетін түлектер күні өткізілді. Таңертеңнен бері біздің қалашығымызда тек қана 2017 жылдың түлектері ғана емес, сонымен қатар 10-50 жыл бұрын бітіріп кеткен түлектер бас қосты. Түлектер біздің альма-матерге келіп, жиынға қатысуымен бізді қуантты. Бізге, жастарға, осындай сапалы білім алуға мүмкіндік бергеніне өз университетіме ризашылығымды білдіремін. Бүгін Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында өткен іс-шараға қатысып отырғанда 4 жыл тез өткенін есіме алып өкінішті сезімде болдым. Бірақ олар өмірімде ең қызыққа толы жылдар болды және болады. Біздің университетімізді бірнеше жыл бұрын бітіріп кеткен түлектердің өмірде тапқан орындарына куә болып, олар сияқты өз университетіміздің және мемлекетіміздің дамуына баға жетпес үлесімді қосуға шештім. Біздің университетіміздің Түлектер қауымдастығына бізді қолдап,  келесі жылғы осылай түлектерге үлгі көрсеткендеріне үлкен алғысымызды білдіремін.

 

Курмангазина Акмарал

 

Химия және химиялық технологиялар факультетінің 4-курс студенті

Басылым күні: 16-мау-17