Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Университетім - менің мақтанышым!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – Қазақстандағы әлемдік деңгейде танылған бірден-бір жоғарғы оқу орны. Сапалы білім базасымен, мамандар даярлауда шеберлігімен, оқу кампустары мен қала ішіндегі қалашығымен ерекешеленетін киелі орданың 83 жылдық тарихы бар. Осыған сай ҚазҰУ-дың түлектері де әр саланың майталман маманы. Университетте сан тараптағы түлектерді біріктіретін – Түлектер Қауымдастығы жемісті жұмыс атқарады. Ректор Ғ.М.Мұтановтың бастауымен  2011 жылдан мамыр айының соңғы сенбісі – Түлектер күні ретінде аталып өтеді. ҚазҰУ-дың әр түлегі өз университетін мақтан тұтады.

Биылғы түлектер күні мен үшін жылдағыдан ерекше өтті. ҚазҰУ-дың 14 факультетінің үздік студенттері Түлектер Қауымдастығының шәкіртақысын иелендік. Унисерситет бітіргеніне 10, 20, 30 жыл толған аға-әпкелерімізбен кездесіп, үлгі-өнеге тыңдадық, жеткен жетістіктері мен бағындырған шыңдарын арман еттік. Осындай мүмкіндіктер сыйлаған ҚазҰУ-ға, Түлектер ассоциациясына алғысымыз шексіз. Университетімізде студенттер үшін барлық жағдай жасалған. ҚазҰУ – білім мен тәрбиенің алтын бесігі.

 

Әбдімұхтар Азамат

Биология және биотехнология факультетінің

 

4 курс студенті

Басылым күні: 16-мау-17