Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Түлектер күнінен алған әсерім

 

Түлектер күнінен алған әсерім

21 мамыр күні Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында дәстүрлі түлектер кездесуі  өтті. Кереметтей мерекелік шара барысында «Ең үздік студент-2016» атанып, арнаулы  сыйлық 100 000 теңгені қанжығама байладым.Осындай керемет мүмкіндік сыйлағаны үшін алдымен университетіме алғысым шексіз! Қолдау көресетіп, демеу болған факультет деканы Каримжан Нұрымұлына және сүйікті факультетіме ризамын. Көптен бері жоспарлаған, асыға күткен арманым орындалды, қуанышымда шек жоқ! Қазақстанның болашағы-жастарға үміт артып, алға басуына септігін тигізетін осындай сайыстардың ұйымдастырушыларына да көп рахмет. ҚазҰУ- сенің мүмкіндіктеріңнің мекені!

 

Халықаралық қатынастар факультетінің студенті

Беккайров Нұрсұлтан Болатұлы 

Басылым күні: 6-мау-16