Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Тарихшылар ҚазҰУ-ін бітіргеніне 40 жыл толуын тойлады!

 

 

Тарихшылар ҚазҰУ-ін бітіргеніне 40 жыл толуын тойлады!

 

         Бітіруші түлектер күніне ҚазҰУ-нің 1976 жылы тарих факультетін бітірушілері  Қырғызстан, Астана, Өскемен, Павлодар, Шымкент, Жезқазған, Алматы, Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан бас қосты.

            Біздер осыдан 40 жыл бұрын мамандық бойынша қолымызға диплом алып, мемлекеттік жолдамамен жан-жаққа тараған едік. Мінекей, бүгін Алматы қаласында орыс тобының толық жиналып өткізген кездесуі болып жатыр.  

Біз үшін, 2016 жылғы 28 мамыр күні әдеттегідей шынайы жылылық пен қуанышқа толы кездесу болды. Әр бітіруші түлектердің бойында сол университет қабырғасында өткен студенттік шақтың албырт сезімі, алғашқы махаббат пен емтихан тапсырған сәттер бәрі көз алдымызға қайта оралып ыстық ықыласпен қауышқан кезең болды. Сол үшін де біз өз Альма-Матерімізге алғысымыз шексіз екендігін айтамыз.

            Мені ұйымдастыру комитеті арқылы Голландиядан тапты! Соңғы уақытта менің мобильді телефоным ауыстырылған болатын.   Қазіргі таңда Қырғызстан Шу облысында мектепте дәріс беремін. Осы КазҰУ-дың бітіруші түлегі танысым үйге келіп,"мені Қазақстандағы бірге оқыған группаластарым іздеп жатырғанын" - мәлімдеді. Бұл біздің отбасымыз үшін үлкен қуаныш болды! Енді, бір күн өткен соң Алматыдан телефон арқылы байланысып хабар алдым.

Мен, менің басқа да  курстастарым, ҚазҰУ-нің қалашығын көріп, бес жыл бойы оқыған студенттік күндерімізді қайта еске алдық. Дегенмен, ҚазҰУ-нің қалашығындағы үлкен өзгеріс жаңа корпустар, кітапхана, ғалымдар Үйі, тазалығы мен сұлулық – гүлдер, күтілген гүлзар, баннерлер – адам танымастай құлпырғанымен барша  жұртты таң қалдырды. ҚазҰУ-нің қалашығында бітіруші түлектер Өмірбек  Арысланұлы Жолдасбеков ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Біздің дипломымызда ректор Ө.А.Жолдасбеков мырзаның өз қолы қойылғанын еске алдық.

Университеттің педагогтары мен студенттерінің жетістіктері мен қазіргі заманауи ерекшеліктері жайлы түсірілген "ҚазҰУ-і жұлдызды жыл" атты фильм біз үшін мақтаныш болды. Осы университеттің жетістіктері жайлы кеше дастархан басындағы бас қосуда айтқан болатынбыз. Сонымен қатар, кезінде бізге дәріс берген өмірден қайтқан профессор оқытушыларды бір минут үнсіздікпен еске алдық. Әрбір курстас достарымыз өздерінің кәсіби қызметі жайлы әңгіме айтып, 70-ші жылдардағы және қазіргі заманғы қазақ, орыс, қырғыз және неміс тілдерінде ән мен жырлар тыңдалды. Нұрболат Масанов туралы фильм көрсетілді.

Әл-Фараби атындағы жаңа кітапханаға іргелі монографиялар мен энциклопедиялар сыйладық, 2016 жылғы талапкерлер үшін 7200000 теңге стипендия тағайындадық. Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайының мәжіліс залында біздің топтың түлектері атынан  Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология Институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов сөз алып, аталған сыйлықтарды  ҚазҰУ-нің түлектер Қауымдастығының атқарушы директоры тарих ғылымдарының кандидаты Кулгазира Балтабаеваға табыс етті.

Біздің Альма-Матер әрбір түлектер үшін салған ұлы даңғыл дара жол!

 

 

ҚазҰУ-нің бітіруші түлегі:  Фариза Аширбаева

 Тарих, археология және этнология факультеті

түлектер Қауымдастығының координаторы:   Раймбекова М.Т.

 

Басылым күні: 2-мау-16