Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Альма-матердің еңбек сіңірген марапаттары

 

Альма-матердің еңбек сіңірген марапаттары

 

28 мамыр 2016 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде дәстүрлі Түлектер күні өтті.

Студенттер сарайында болған салтанатты жиынды Университет ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов құттықтау сөзбен бастады.

ҚазҰУ-дың 80-жылдық медальдары келесідей түлектерге табысталды:

Қалимолдаев Нұрәділ Әшімбайұлы – геология және топырақ факультетінің 1954 жылғы түлегі;

Балғабаев Сұлтанәлі Базарбайұлы – Дүниежүзілік қазақстар қауымдастығы төрағасының орынбасары, белгілі қоғам қайраткері, драматург, журналист, ұстаз, профессор, журналистика факультетінің 1971 жылғы түлегі;

Катранова Зелина Ғаниқызы – ЖШС «Восточное рудоуправление» бас директоры, 1981 жылғы химия факультетінің түлегі;

Рахимов Бауыржан Сарынұлы – Алматы қаласы адвокаттар коллегиясының мүшесі, 1981 жылғы Заң факультетінің түлегі,

Нүкетаева Динар Жүсіпалиқызы – Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университет ректоры, профессор, 1985 жылғы химия факультетінің түлегі.

 

Альма-матерға деген сый-құрметін білдіріп, Динар Жүсіпалиқызы сөз сөйледі.

Басылым күні: 31-мам-16