720 000 теңге көлемінде сертификаттар табысталды
1976 жылғы тарих факультетінің түлектері, факультет деканына 720 000 теңге көлеміндегі сертификаттар табыстады. Шәкіртақылар, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, 1953 жылғы тарих факультетінің түлегі - Манаш Қабашұлы Қозыбаев атында және ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, 1956 жылғы тарих факультетінің түлегі – Рамазан Бимашұлы Сүлейменов атында болды.
Шәкіртақы 2016 жылғы талапкерлер арасынан 1 курс студентіне арналады. Шәкіртақы – 1 қыркүйек білім күнінде табысталады.