Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Тарихшылардың эндаумен-қорға жасаған салымы

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, тарих факультетінің түлектері университет дамуының эндаумент-қорына екі миллион теңге салым жасады.  Түлектер, Иманқұлов Мұрат Сейдалиұлы «Equus petroleum PLC»  бас атқарушы директоры  және Абласанов Байқадам Аманұлы «Equus petroleum PLC»  атқарушы директоры болып табылады.

 

ҚазҰУ түлектер қауымдастығы осынау жомарт демеушілерге алғысын білдіреді және мол табыстар тілейді. Дәстүр бойынша демеушілердің аты-жөні Университет әкімшілік ғимаратының фойесіндегі тақташа ілінеді. Сонымен қатар, демеушілер жыл сайын, мамыр айының соңғы сенбісінде өткізілетін «ҚазҰУ түлектер күні» мерекелік іс-шарасының құрметті қонағы болады. Биыл бұл күн – 28 мамырға келіп тұр.

Басылым күні: 4-сәу-16