Негізгі бет / Жетістік тарихы / Лауреаттар / Химиктер Химиктер

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары - химия факультетінің түлектері

 

    Мемлекеттік сыйлықтар ғылым, техника және білім қайраткерлерінің қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін жоғары дәрежеде мойындау болып табылады.

    С. М. Киров атындағы ҚазМУ химия факультетінің 25 түлегі (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультеті) мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Олардың ішінде: КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – 1 түлек, Қазақ КСР – 8, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – 13, Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – 4, ғылым мен техника саласындағы Ресей Федерациясы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – 1 түлек.

   ҚазҰУ химия факультетінің екі түлегі Мемлекеттік сыйлықтардың екі мәрте лауреаты атанды.

   1957 жылғы түлек Генрих Александрович Толстиков - 1990 жылғы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және "Органикалық және металл органикалық синтездегі металл кешендік катализ" үшін 2003 жылғы Ғылым мен техника саласындағы Ресей Федерациясы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Генрих Александрович Толстиков – (1933-2013) - ресейлік химик-органик, химия ғылымдарының докторы (1969), профессор (1970), КСРО ҒА академигі (1987), Ресей Ғылым академиясының академигі (1991).

   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік кезеңінде ғылым, техника және білім саласындағы мемлекеттік сыйлықтың екі мәрте лауреаты (2001) және әл-Фараби атындғы ғылым және техника саласында мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2015) – 1976 жылдың түлегі Абдрасул Алдашевич Жарменов болды. Ол-техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі. Бірінші сыйлық – "Техногенді шикізатты қайта өңдеу бойынша технологияларды әзірлеу және өндірісті ұйымдастыру, әлемдік деңгейге сәйкес келетін: ферросиликоалюминия (әлемде алғаш рет) және күкірт қышқылының таза сорттары" жұмыс циклі үшін.

   Қазақ КСР Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаттарының тізімін 1974 жылы 3 түлек ашты: Яков Абрамович Дорфман, Гаухар Дауленовна Закумбаева және Нина Михайловна Попова. 

    Осы сыйлықты әр жылдары Еділ Ерғожаевич Ерғожин (1982), Раиса Ефимовна Легкунец (1983), Константин Михайлович Гибов (1984), Есен Абикенович Бектуров (1987) және Сарқыт Елекенович Кудайбергенов (1987) иеленді.

   Химия факультетінің 13 түлегі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің Қазіргі кезеңдегі Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты атанды.

    1992 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім саласындағы мемлекеттік сыйлығына 3 түлек ие болды: Георгий Иванович Ксандопуло, Зулхаир Аймухаметович  Мансуров және Абхан Абдрашевич Сагиндыков.

      Немеребай Нурахметович Нурахметов -"31 томдық ғылыми салалық қазақ-орыс және орысша-қазақ терминологиялық сөздіктер сериалы" үшін 2001 жылы ғылым, техника және білім саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

    2003 жылғы Ғылым, техника және білім беру саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары ҚазҰУ-дың 3 түлегі атанды: Ажар Коспановна Баешова, Арыстан Мауленович Газалиев және Калдыбай Джайлауович Пралиев.   

   2005 жылғы Ғылым, техника және білім беру саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары болып ҚазҰУ-дың 4 түлегі атанды: Энвер Рахимович Ишкенов, Валерий Александрович Cветов, Алимгазы Оразович Сыдыков.      

   2007 жылғы Ғылым, техника және білім саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Альфред Давыдович Кагарлицкий. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығымен ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық тағайындалды. Бұл беделді сыйлыққа Қазақстанда 40 ғалым ие болды, оның ішінде 4 әйел және 35 жасқа дейінгі 3 жас ғалым.

   2015 жылы Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың ғылым мен техника саласындағы жеңімпаздары қатарында - біздің университеттің 15 түлегі, оның ішінде химия факультетінің 4 түлегі. Олардың ішінде Алматы мен Қарағандының есімдері көпшілікке белгілі ғалымдары – техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Абдрасул Алдашевич Жарменов, химия ғылымдарының кандидаты Людмила Сергеевна Болотова, Ханат Мукашевна  Кузгибекова және Серикбол  Тлеулесович Шалгымбаев.

   Химия және химиялық технология факультеті Мемлекеттік сыйлықтардың   әйелдер – лауреаты саны бойынша университетте бірінші орынға ие болды.

25 лауреаттың-химиктердің алты лауреаты- ғалым-әйелдер. Олардың ішінде ҚР ҰҒА академигі, 1954 жылдың түлегі Гаухар Дауленовна Закумбаева, химия ғылымдарының докторы, профессор Нина Михайловна Попова (1953 жылдың түлегі), техника ғылымдарының докторы, профессор Ажар Коспановна Баешова (1974 жылдың түлегі), химия ғылымдарының кандидаттары – Людмила Сергеевна Болотова (1961 жылдың түлегі), Раиса Ефимовна Легкунец (1966 жылдың түлегі) және техника ғылымдарының кандидаты, доцент Ханат Мукашевна  Кузгибекова (1972 жылдың түлегі).

   Химия факультетінің атақты түлектерінің өмірбаяндары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қазақ ұлттық университетінің түлектер қауымдастығының  "Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар" (2009 ж.) және "Біздің элита – Наша элита" (2009, 2014 және 2019 ж. ж.) кітаптарында келтірілген.

 

Кулгазира Балтабаева,

тарих ғылымдарының кандидаты