Негізгі бет / Жетістік тарихы / Лауреаттар / Тарихшылар Тарихшылар


Мемлекеттік сыйлық Лауреаттары-тарихшылар


  1982 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың тарих факультетінің 3 түлегі ғылым және техника саласында Қазақ КСР Мемлекетік сыйлығының лауреаты атанды.

 

Абишева Бағдат Нұрланқызы -тарих ғылымдарының кандидаты, тарихшы. «Қазақ КСР тарихы. Ежелгі кезеңнен қазіргі кезеңге дейін» атты бес томдық ұжымдық еңбектің авторы ретінде 1982 жылы ғылым мен техника саласында Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

 

Кеңес Нұрпейісов- тарих ғылымдарының докторы (1973), профессор (1980).  «Қазақ КСР тарихы. Ежелгі кезеңнен қазіргі кезеңге дейін» атты бес томдық ұжымдық еңбектің авторы ретінде 1982 жылы ғылым мен техника саласында Қазақ КСР Мемлекетік сыйлығының лауреаты атанды. Кейінірек ол ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі және Ұлттық Ғылым Академиясының академигі атағына ие болды.

 

Кемел Ақышев- тарихшы-археолог. Ұлттық археология ғылымы мектебінің негізін салушылардың бірі. Алғашқы Алтын адамды тапқан көрнекті ғалым. 1982 жылы ғылым мен техника саласында Қазақ КСР Мемлекетік сыйлығының лауреаты атанды.

 

Манаш Қозыбайұлы Қозыбаев- тарих ғылымдарының докторы, (1969), профессор (1970), ҚР ҰҒА академигі (1989). 1994 жылы ғылым мен техника саласында Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Бүгінде Манаш Қозыбайұлының тұрған үйінде тек мемориалдық тақта орнатылған, сонымен қатар Алматы қаласында оның атында көше аты берілген және Қостанай қаласының №23 орта мектебінде оған арналған арнайы музей жұмыс жасайды. Сондай-ақ академиктің аты Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне берілген.

Тарих, археология және этнология факультетінің танымал түлектерінің есімдері «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» (2009 ж.) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚазҰУ түлектері тарапынан жарияланған «Біздің элита – Наша элита» (2009, 2014, 2019 жж.) атты еңбектерге енгізілген.

 

Кулгазира Балтабаева,

Тарих ғылымдарының кандидаты

 

 

АБЛАСАНОВ БАЙҚАДАМ АМАНҰЛЫ

 

 

 

Абласанов Байқадам Аманұлы 1961 жылы 23 қыркүйекте Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Түгіскен кеңшарында дүниеге келген. 1968-1978  жылдары  осы ауданға қарасты Түгіскен елді мекеніндегі № 209 орта мектепте білімін тәмәмдаған.  Бала кезінен болашақта білім мен ғылым саласында қызмет етуді армандаған бала Байқадамның ізденуіне ұстазы Амангелді Құрбанұлы  Саданов көп күш-жігерін салған еді.  Бүгінде ұстазы, әрі сынып жетекшісі Амангелді Құрбанұлы – елімізге белгілі ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор. Байқадам Аманұлы мектеп бітіргеннен кейін өмір жолын еңбек жолымен бастайды. Жастайынан еңбек майданында тер төккен жас жігіт ата-анасына қолынан келгенше көмек көрсете білген. Өмірден тәжірибе жинаған Байқадам Аманұлы 1987 жылы бала кезінен армандаған атағы елімізге мәлім білім ордасы –  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  дайындық  факультетіне түседі. Қазір айтуға ғана оңай бұл білім ошағына түсу, онда оқу – екінің бірінің  басына қонбайтын бақ еді. 1988 – 1993 жылдары осы оқу ордасының тарих факультетінде оқыған жас жігіт білім мен ғылым жолын терең ұғынады.  Үздік студенттердің сапынан орын ала отырып жастайынан өмірден жинаған тәжірибесі мен біліктілігімен бөлісу мақсатында факультет пен университеттегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Осы жылдар ішінде Байқадам Аманұлы Студенттер кеңесі төрағасы қызметін басқарып, университеттің партия бюросының мүшесі болды.

1990 жылдары елімізде қалыптасқан экономикалық дағдарысқа іштей қатты сезінген Байқадам Аманұлы университетті аяқтай сала Алматы қаласында қалмай, туған жері «Түгіскен» кеңшарына оралып, «Байтолқын»  ЖШС  ашып, 1994-1998 жылдары сонда Бас директор қызметін атқарады. 1998-2011 жылдары  «Егіс жер» атты ұн шығаратын комбинат ашады.

Ал 2011 жылдан бастап  Байқадам Аманұлы өзі өскен өңірдегі «Құмкөл» мұнай кен орнында еңбек жолын жалғастырды. 2011 – 2015 жылдары «Құмкөл Транссервис»  ЖШС  Алматы  филиалы директоры,  әрі «EQUUS» АҚ Бас директоры   қызметін атқарады.  2015-тен бүгінгі күнге дейін «Құмкөл Транссервис» мұнай  компаниясының Бас директоры қызметін атқарып келеді.

Абласанов Байқадам ұзақ жылдар ауыл шаруашылығы мен өндіріс салаларында жемісті еңбек етіп еліміздің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан азамат. Сонымен бір мезгілде ол өзінің білім алған ордасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен ешқашан қол үзген емес. Оның айқын дәлелі Байқадам Аманұлы мецанаттардың алғашқылары қатарында болып «ҚазҰУ-дың Салатанатты қақпасы» кешеніне қомақты қаржы бөлген тұлға. Кәсіпкер университеттің тарих, археология және этнология факультетінің ардагер ғалымы, бүгінде дүниеден өткен Тұрғанбаев Сүлеймен Тұрғанбайұлы атындағы айтулы шәкіртақыны үздік студенттерге тағайындаушы болып табылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Байқадам Аманұлына  тек білім ғана беріп қойған жоқ, оның өмірінің сәні де, мәні де болып табылатын аяулы жары Толқынмен көңіл жарастырып өмірлік жары болуына септігі тиді.  Толқын да – тарих факультетінің түлегі. Қазір жарасымды жұп, ел сыйлаған Абласановтар төрт перзент тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Байқадам Аманұлы өзінің жетістікrе жету жолындағы жетісіктеріндегі қасиетnі қара шаңырақтың алатын орынын ерекше бағалайды. Оған танымал тұлғаның «ҚазҰУ-дан білім алдым, өмірлік жарымды таптым, ел таныған тұлғаға айналдым осы үшінде қара шаңыраққа әр келген сайын басымды иіп, тағзым етемін. Ал оның болашағы бұдан да жарқын боларына кәміл сенемін!», –   деген сөздері дәлел.